Әлемдегі ең баяу жүзгіш

Әлемдегі ең баяу жүзгіш

Жарыс сайын рекорд жаңартатын жүзгіштер есімін жатқа білеміз. Енді көштен қалып, елдің соңында мәреге жеткен жүзгіштер туралы мәлімет алғым келеді. Әлемдегі ең баяу жүзетін спортшы кім?
Нұртан САЛАМАТОВ,
Шу қаласы
Әлемдегі ең баяу жүзетін спортшы – Эрик Мусамбани. Эква­ториалды Гвинеяның бек­за­дасы, сол елдегі су спорты фе­дерациясының басшысы әрі спорт министрі Эрик досына қо­наққа барғанда бассейнді кө­ріп қалады. Осыдан соң су спор­тына қызығушылық таныт­қан Эрик елінің аштықта отыр­ға­нына қарамастан, шетелден бап­кер шақыртып, Олимпиа­даға қатысуды жөн санайды. Сидней Олимпиадасында 100 метрлік қашықтықты Мусамба­ни 1 минут 52,72 секундта жү­зіп өтті. Бұл – осы қашықтықта тіркелген Олимпиада тарихын­дағы ең төмен көрсеткіш. Жүзу кезінде оған құтқарушылар бірнеше мәрте көмектескісі келді. Бірақ Эриктің су спортына, жүзуге деген махаббаты зор болып шықты. 2001 жылы Эрик Фукуоктағы жүзуден әлем чем­пионатына да қатысты. Мұнда оның 50 метр қа­шықтықты 31,88 секундта жүзіп өткенін мамандар жоғары бағалаған­ы­мен, Эриктің өз көрсеткішіне көңілі толмаған көрінеді. Дегенмен де дүйім жұрттың алдында төмен көрсеткіші үшін ұятқа қалған Мусамбаниді кі­нәлау артық. Жоқшылық жай­лаған елден Олимпиадаға қатысудың өзі бір бақыт емес пе?!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста