Айнаның отаны қайда?
Қазір тұрмысымыздың басты тірегіне айналған айнаның отаны қай ел? Қашан пайда болғаны туралы айтсаңыздар екен?
Жарқын ТЕМІРБОЛАТ, Қызылорда
Ең алғашқы айна – шалшық су болғаны белгілі. Бірақ оны өзіңмен бірге алып кете де, үйіңе іліп қоя да алмайсың. Ойыс айна түрі алғаш 1240 жылы, шыныдан қыш ыдыстар жасала бастаған кезде пайда болған.
Шебер үлкен шар үрлеп, трубкаға ерітілген қалайы құйып, қалайы ыдыс бойымен жан-жаққа тегіс тарап кепкенде, шар бөлшектеніп сынып қалған. Енді мұндай айнаға қанша қараймын десеңіз де өз еркіңіз, бірақ біраз бейнеңізді қисайтып көрсетеді.
1500 жылы Францияда жазық шыныны сынаппен дымдап, бетіне жұқа қалайы фольга жапсыруды ойлап тапқан. Бірақ жазық шынылар Францияда қымбат болғандықтан, оларды Венецияда жақсы жасаған. Венециялық көпестер фламандлықтардан патентті сатып алып, бір жарым ғасыр бойы «венециялық» айна өндірісіне монополияны ұстап тұрған. 1,2 м де 80 см-лік айна Рафаэльдің кескіндемесінен екі жарым есе қымбат тұрған.
Венеция сол кезде өнертабысқа патент беретін тұңғыш ел болған. 1507 жылы ағайынды Данзало дель Галлолар шыны айна шығаруға патент алған.
Мұндай айнаның алғашқыларының бірі француздық Венсан де Боваға тиесілі. Оның айтуынша, айнаның шынысының астыңғы жағына қорғасын қойылады. Ал 1773 жылы Нюрнбергте айнашылар цехы ашылған болатын. Содан бері бұл европалықтардың маңызды қолөнері болып келеді.