Ай туғанда адамның мінезі өзгере ме?
«Жаңа ай туған күні түскен келіннің құрсағы берекелі болады» дейді жұрт. Мұндай келіндер әдетте дүниеге көп бала әкеледі, ал мұндай шақта дүниеге келген бала ғұмырлы болады, ұзақ өмір сүреді деп жатады ата-әжелеріміз. Бұдан бөлек, Ай жаңадан туатын кездерінің адам мінез-құлқына әсері қандай болатынын білгім келеді.
Еркін, Оңтүстік Қазақстан облысы
Жаңа ай туғанда ол адамның биоырғағына әсер ету арқылы оның көңіл-күйін, жұмысқа белсенділігін, тіпті ас қорытуына дейін өзгертеді. Осыған орай, мамандар айдың толған, туған күндерінде арақ-шарап атаулыдан аулақ жүруге кеңес береді. Неге десеңіз, спирттік ішімдіктердің уландырғыш әсері ай кезеңдерімен де тығыз байланысты екен. Әсіресе айдың үш жаңасында – ай туғанға дейінгі бір, ай туған және ай туғаннан кейінгі бір – барлығы үш күнде адамның биоырғағы тым әлсіреп, ағза арақтың уына қарсы тұра алмай қалады. Бұл күндері бауырдың сүзгілік қабілеті де төмендейді, спирт бірден қанға сіңіп, денсаулықты құртады.