Мен Алматы қаласының шетінде ауылды жерде тұрушы едім. Бұған дейін қалада құрылыс компанияларында жұмыс істедім. Ал қазір қысқартуға түсіп, бос отырмын. Таяуда агрономдық мамандыққа сұраныс арта бастағанын, осыған байланысты курстық оқу орындары ашылғанын естідім. Бұл қаншалықты рас?
Мират МАҒЗЫМОВ, Алматы облысы
Мұндай оқу орындарының ашыла бастағаны рас. Өткен аптада ғана Ақмола облысында «Шортанды» кешенінде агроном, зоотехник мамандарын даярлайтын арнайы курстық орталықтар ашылғаны мәлім. «Ондағы мақсат – қысқа мерзімде ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау» дейді орталық мамандары. Сондай-ақ бұл ретте экономист-ғалым Сағындық САТЫБАЛДИН қазір Үкіметтің ауыл шаруашылығы саласына айрықша назар аудара бастағанын, болашақта ауыл шаруашылығын өркендетуге байланысты осы салаға қатысты білікті мамандар қажеттігін де алға тартады. Демек, болашақта ауыл шаруашылығы мамандарына деген сұраныс арта түсетініне күмәніңіз болмасын...
Агроном болсам деп едім
Последние статьи автора