Адвокаттық қызмет атқаратын азаматқа қандай кепілдіктер берілген?
Райбек, Алматы облысы
Адвокаттық қызмет туралы заңның 17-бабында адвокаттық қызметтiң кепiлдiктерi көрсетілген. Мемлекеттiк органдардың, саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарының адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға тiкелей немесе жанама түрде кедергi жасауға құқығы жоқ. Адвокатты ол заң көмегiн көрсетiп отырған адаммен теңдестiруге тыйым салынады. Адвокаттан өз кәсiби мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты оған мәлiм болған мән-жайлар туралы куәгер ретiнде жауап алуға тыйым салынады. Адвокаттардан, адвокаттар алқасы төралқасының, заң консультацияларының, адвокаттық кеңселердiң басшылары мен қызметкерлерiнен, заңмен белгiленген жағдайларды қоспағанда, белгiлi бiр адамға заң көмегiн көрсетуге байланысты қандай да болмасын мәлiметтер берудi талап етуге тыйым салынады. Адвокаттық iс жүргiзу және адвокаттың соған байланысты өзге де материалдары мен құжаттары, заң актiлерiнде тiкелей көзделгеннен басқа жағдайларда, тексеруге, қарауға, алуға, алып қоюға және тексерiске жатпайды. Адвокатқа өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығудың құпиялылығын қамтамасыз ететiн жағдайларда осылайша жолығуына рұқсат беруден бас тартуға, сондай-ақ олардың саны мен ұзақтығына шек қоюға тыйым салынады. Мемлекеттiк қызметшiлер мен мемлекеттiк емес ұйымдардың басшылары адвокаттың нақты iс бойынша заң көмегiн көрсетуiне байланысты өтiнiшiне он күн мерзiмнен кешiктiрмей жазбаша жауап беруге мiндеттi. Адвокаттардың қызметiне заңсыз араласуға жол берген немесе осындай қызметтi жүзеге асыруға кедергi келтiретiн адамдар заңға сәйкес жауапқа тартылады.
Адвокаттық қызметтің кепілдіктері бар ма?
Последние статьи автора