Абылай хан арғымағын қалай атаған?

Жылқы малын жақсы көрмейтін қазақ жоқ шығар, соның бірі мен едім. Білгім келетіні, біздің хандар мен батырлар мінген тұлпарлардың тарихта аты қалғаны бар ма? 
Жәнібек Есболған,
Алматы 
Әрине, тарихта иесімен бірге аты қалған тұлпарлар қазақта баршылық. Тізбекті сонау Қобыланды батырдың Тайбурылынан бастауға болады. Ол Тайбурылдың жүйріктігі сонша, қырық күншілік жолды бір күнде желіп өтетін болса керек. Жерде емес, оның тұяғы көкте қалқып жүргендей болғанын оқып отырған мына біздер сезініп кетеміз. Ал енді одан бергі замандарға келсек, Абылайдың арғымағы Нарқызыл деген атқа ие болса, Қабанбайдың – Құбас, Бөгенбайдың – Ақ кекіл, Олжабайдың – Тайкөк, Исатай батырдың ауыздығын шайнаған тұлпары Ақтабан аталса керек. Сон­дай-ақ бізге белгілі  арғымақтардың тағы бірі – Дәулеткерей күйшінің Керторысы, Жасы­бай­дың Қоянкөгі.
Жалпы, қазақ жылқысының тарихы, жылқыға қатысты барлық жайттарды оқып-білем деген оқырманға былтыр «Алматыкітап» баспасынан тарихшы Ахмет Тоқтабайдың «Қазақ жылқысының тарихы» атты көлемді энцик­лопедиялық кітабы жарық көргенін айт­қы­мыз келеді. Ол кітап – тарихшының 20 жыл­дық еңбегінің жемісі. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста