«1000 ән» мың тапсырманың бірі боп қалмай ма?

Биыл мәдениет саласында біраз жаңа жобалар қолға алынып, серпіліс туған сияқты еді. Соның бірі «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні мен 1000 күйі» не боп жатыр екен? Ол жайлы неге еш жерде ештеңе айтылмайды?
Ақмарал Бекболатқызы,
Шымкент қаласы

«Қазақтың дәстүрлі 1000 әні және 1000 күйі» жобасымен бүгінде «Ел» шығармашылық бірлестігі айналысып жатыр. Аталған жоба бойынша мамандар іске кірісіп те кетті. Қазақтың дәстүрлі әнін орындаушы және қазақ музыкасын жақсы түсініп, дәріптеуге қызмет етіп жүрген мамандардан көркемдік кеңес құралған. Солар ең әуелі халық әндерін, содан соң Ақан сері, Біржан сал, Әсет, Мұхит, т.б халық арасынан шыққан композиторлардың туындыларын түгендеуден бастап, күні бүгінге дейінгі қазақтың белгілі және белгісіз қалған әндерін жинақтау үстінде.

Жалпы, жүйе бойынша халық әндері – бір бөлек, халық композиторларының әндері, содан соң қазақтың беташар, сыңсу, бесік жыры сынды ғұрыптық әндері іріктелуде. Осы орайда ең басты дерек көзі, материал қоры Мемлекеттік кино және фото, дыбыстық жазбалар мұрағаты мен Қазақ радиосының «Алтын қоры» болып отырған жайы бар. Мамандар дәстүрлі әннің өзі бас-аяғын жинақтағанда 40-тан астам таспа болуы мүмкін екендігін айтуда. Бұл еңбектің пайдасы сол – кешегіден қалған Әміре, Ғарифолла, Жүсіпбек, Манарбек ағаларымыз бен Рахия Қойшыбаева, Жамал Омарова сияқты қайталанбас ерекшелігімен қымбат дауыстар бүгінгі күнгі нағыз тыңдарманымен қауышады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста