Тұрсынбек Қабатовтың әйелін оқырмандары орнына қойды

Бірақ Мөлдір Мұқанованың бұл әрекеті тағы да халықтың ашуын тудырған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желідегі әр қадамын желіге жүктейтін Қабатовтың келіншегі осы жолы қара шаңырақта жүрген сәтін көпшілікке көрсеткен.

 

Биыл Тұрсынбек Қабатов жазғы демалысты туған жерінде өткізуді қаласа керек, ол күні кеше отбасымен Орал қаласына барды. Бұрындары тек елордадағы өмірін жарқыратып көрсететін әзілкештің әйелі енді қара шаңырақта атқарған келіндік қызметін Instagram-ға салған. Желідегі видеоға зер салсақ, Мөлдір асүйде тағам дайындап жүр. Бірақ бұл шаңырақта енесі тізгінді ешкімге бермейтінін астарлы әзілмен ашып айтқан.

 

Қазір тез-тез жасаймын. Ойбай, бұл жақтағы асүйде қатты еркіндік жоқ. Енем қасымды жүреді. Музыка қосып, құтырып жүру деген жоқ. Солай ма, мама? — деді Тұрсынбектің әйелі.

 

 

Мөлдірдің бұл сөзін Қабатовтың анасы да "иә" деп растағандай сыңай танытты. Бірақ ене мен келін арасындағы әңгімені естіген ел Тұрсынбектің келіншегін оңдырмай сынап жатыр.

 

"Мөлдір, күлкің, дауысың неткен жаман еді. Ер адам сияқты не болды? Әйел адамға лайық түсірсеңші", "Құрып кет, қуғынбай. Құтырып жүргенің көрініп тұр. Неткен жиіркеніштісің. Келінмін деп қояды. Осылай тырқылдап күлсең қайын енеңе қиын екен", — деп жазды желідегі жұрт.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста