Сопылық – исламның тылсымға толы тармағы. Мұсылман әлемінде катты таралмаған. Шамандар, бақсылар – осы сопылардан шыққан.
Фотограф өз суреттерін былай сипаттайды.
«Бифәтима Дәулетова – Қазақстандағы соңғы сопы дәруіші. Оны алғаш рет 2010 жылы Қазақстанға жасаған сапарымда кездестірдім. Алматылықтар маған қырғыз шекарасына жақын маңдағы Үңгіртас ауылында тұратын шаман әйел туралы айтқан еді.
Мен барғанда, ол үйде жоқ екен. Қазақстанның оңтүстігіндегі киелі жерлерге тәу етуге кетіпті. Ол бір аптадан кейін келгенде менің визамның мерзімі бітіп бара жатты. Онымен аз ғана сөйлесіп, кетуіме туура келді.
Келесі жылы мен Бифәтимаға арнайы бардым. Үңгіртаста екі айдан астам уақыт жаттым. 2011 жылдың қаңтарынан наурызға дейін.
Бар тыныс-тіршілігін суретке түсіріп алдым.
Бифәтима ерекше қасиетінің 11 жасында дарығанын айтады. Құрбандық шалуды да ерекше орындайды. Қойды адамдардың үстінен бауыздайды. Осылайша
үстіне құрбандық малының қаны тамған адамдар жын-пәледен тазарады дейді.
Ол үшін сопы екі қой әкелуі керек. Бір ұрғашы, бір еркек мал. Сосын адам қойдың астына кіріп кетеді.
Бифәтима бауыздайды. Өзі бұл жоралғыны адамның туылуымен салыстырады. Өйткені адам да қан-қан болып туылады, сосын барып жуынады.
Мен Бифәтиманың бар тыныс-тіршілігін бақылап, суретке тартып алдым. Қазақтың дәстүрлі мәдениеті Батыс адамдарының төбе шашын тік тұрғызар, бірақ әлемнің осы бөлігі өз мәдениетіне үлкен сыйластықпен қарайды. Мен де сыйлаймын»,
деп ой бөліскен фотограф өз суреттерін жариялайды:
Құрбан
Бас үйту
Бифәтима Дәулетова
Киелі таудағы таңғы медитация
Шаманның шайы
Үй алдында ілінген бас
Су шашқаны — батасын бергені
Қой төлдеуде
Осылай көмектесу керек екен
Шаман зікір салуда
Қойдың астына осылай кіреді
Қанға малыну
Суға жуыну
Ақсұлу бұл ауылға жиі келеді
Шаман сабалап жатыр
Қойдың өкпе-бауыры
Шаман ай сайын сопылардың шашын алады
Құрбандықтан қалғанды ит жесін
Бифәтима шәкірттерін сопылардың киелі жерлеріне ертіп келеді
Сопылар Қожа-Ахмет Яссауи мавзолейіне бара жатыр
Қожа-Ахмет Яссауи мазарында дұға оқуда
Кешкі құлшылық
Ресейден келген екі сопы
Жұмағали, Бифәтиманың орынбасары
Ауылдың адамдары
Қан жағылған бетімен шай ішуде
Жерасты мешітіндегі түнгі дұға
Үңгіртасқа баратын жол