Сегіз жылын жындыханада өткізген Маржан Тұрлыбаева қазір қайда жүр? (фото)

Өмір бойына жындыханаға тоғытылып, кейіннен медициналық сараптама қорытындысы оның қоғамға қауіпті еместігін растап, әлеуметтік мекемеден біржолата шығарылған Маржан Тұрлыбаева бүгінде қайда жүр? 

 

Ақыл-есі кем делініп, Түркістан қаласындағы әлеуметтік мекемеге тоғытылған соң көпшіліктен көмек сұраған Маржан Тұрлыбаеваның есімі қазақстандықтар үшіне етене таныс. Қаршадай ғана қыз Маржан Тұрлыбаеваны ақыл-есінің дұрыстығы дәлелденген соң отандық арналардың біріндегі бағдарламада шымкенттік дәстүрлі әнші өз қамқорлығына алды деген ақпарат тарады. Тіпті бағдарлама журналистері әншінің үйіне барып, репортаж түсіріп те келген.Бұдан соң Маржан жаңа «отбасының» ортасындағы фотоларын өз парақшасында толассыз жүктеген еді. Тіпті дәстүрлі әншінің өз қызымен бірге серуендеп жүрген фотоларын да көпшілікпен бөлісті. Алайда неге екені белгісіз, бүгінде Маржанның желі парақшасында ол суреттердің бірін де таппайсыз. Тағы бір қызығы, Маржан өзінің Instagram желісіндегі парақшасында тегін "Молдабекова" деп көрсеткен.

Талай жыл мамандардың бақылауында болып, тіпті өмірінің соңына дейін сол торда тоғытылып қаламын ба деп ел-жұртқа жан-айқайын жеткізген бойжеткеннің қазіргі жағдайына оқырмандары қуанып жүр. Өткенін біржолата сырып тастағысы келген болу керек, ару Маржан енді жаңа образдарын көпшілікпен бөлісе бастады.


Маржан шетелдік жұлдыз Рианнаға еліктейтін секілді. Себебі ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында талайды тамсандырған әншінің жеке суретімен қатар өз фотосын жүктеп қойған.


Сонымен қатар Тұрлыбаева желі парақшасында кәсіби түрде make up жасатып түскен фотосын жүктеп, оқырмандарынан өзін кімге ұқсайтынын сұраған. Олардың көбі Рианнаға келетінін жазса, кейбірі отандық жұлдыздар Мақпал Исабекова мен Маржан Арапбаеваға ұқсайтынын пікір етіп қалдырған.

Дегенмен Маржан Тұрлыбаева өткен шағын мүлдем ысырып тастады дей де алмаймыз. Парақшасында осыдан бірнеше жыл бұрынғы сәттегі фотосын жүктеп, өткенін есіне алған.

Еске салсақ, 8 жылдық ғұмырын әлеуметтік мекемеде өткізген Маржан Тұрлыбаева жатқан Түркістандағы әлеуметтік мекемедегі өзге «былықтар» осыдан біраз уақыт бұрын жарияланды. Бір күн өткен соң үкімет басшысының орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Түркістанға арнайы комиссия жіберетінін мәлімдеді. Бұл мекемедегі кемшіліктерді еліміздің сол кездегі Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова да растады.

nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста