Қазақ қызы Бота Балабекова итальяндық әйгілі бренд «Dolce Gabbana-ның» моделі атанды.
Бұл туралы өзінің Instagram парақшасына брендтің негізіy қалаушы Стефано Габбана жариялады.
Қыздың суретін Стефано #DGGirl деп белгілеп қойды.
Ботагөз Балабекова модельдік қызметімен жастайынан айналысады. Қазір ол әдемі қыз ғана емес, желіде мыңдаған жанкүйері бар табысты модель. Оның Instagram парақшасына 300 мыңнан астам адам жазылған.
Бота Жезқазғанның тумасы, алайда қазір Астанада тұрады. Бота бірнеше жыл қазақстандық футболшы Ұлан Қонысбаевпен көңіл жарастырған. Көптеген жанкүйерлер оларды «ең әдемі жұп» деп бағалаған. Алайда, өткен жылы Ұлан мен Бота айырылысып кетті.
Алдарыңызға Ботаның желідегі соңғы суреттерін ұсынып отырмыз.