Өскемендегі ерлер салондарының бірінде тырдай жалаңаш қыздардың қызмет көрсетіп жүрген суреті WhatsApp желісінде тарап кетті деп хабарлайды «NewTimes.kz»-ке сілтеме жасап NUR.KZ.
Желіде жалаңаштанған қыздардың ерлерге қызмет көрсетіп жатқан суреті тарап кетті. Олар сексуалды іш киім киіп, бейәдеп қылықтарымен көзге түскен.
Ерлердің шашын алып жатқан қыздардың үстінде лыпа жоқ.
Ер адамдарға арналған салонда сексуалды қыздардың жүруін агенттік тілшісіне олар жарнамаға түсу үшін келген деп түсіндірді. Шын мәнінде бойжеткендер Өскеменнің стриптиз клубының бишілері болып шықты.
«Бұл «Zebra» деген стриптиз-клубпен бірігіп түсіріп жатқан жарнамалық компания, оның кейбір суреттері желіге тарап кеткен», - деп түсіндірді барбершоптың әкімшісі.
Барбершоп― Қазақстанда танымал бола бастаған ерлерге арналған шаштараз. Бізге бұл ұғым Еуропа мен Америкадан келген.