"Кемінде үш жыл тұруы керек": Жазира Байырбекова жастардың ата-енеден бөлек кетуіне қарсы шықты

"Кемінде үш жыл тұруы керек": Жазира Байырбекова жастардың ата-енеден бөлек кетуіне қарсы шықты

Әнші Жазира Байырбекова қазіргі жастар мен ата-аналарға өз кеңесін айтты. Белгілі өнер жұлдызы жас жұбайлардың қара шаңырақтан бірден бөлек кетуімен келіспейді, деп хабарлайды "Ел" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"18 жасымда тұрмысқа шықтым. Ата-анам қарсы болды, мұны дұрыс деп санаймын. Сол кезде мен өзімді үлкен адаммын деп ойлаппын. Қазір қарап отырсам, 18 жас балалық жас екен ғой. Балалықтың да кейде пайдасы болады екен. Ата-ененің қолындай екі жылдай тұрдық. Сол екі жыл мәңгілік есімде қалды. Сол екі жыл өмірімде бір бөлек болса, қалған өмірім - бір бөлек. Өйткені мен өте ерке қыз болдым. Ата-анам мен не айтсам, соны істейтін. Сол екі жыл соның бәрін керісінше жасап, мені мықты әйел қылып шығарды. Ол кездегі жайттарды қиындық деп айту ұят болар. Қазіргі жастар мұның бәрін кинодағыдай екен деп, ұйып тыңдайды. Ата-ененің қолында тұру, олардың батасын алып, бауыр басу келінге керек нәрсе деп ойлаймын. Әрі қарай өсіп, дамып, шыңдалу үшін керек. Бүгінгі ата-енелер өз күнін өзі көрсін деген оймен, отбасын құра сала, жастарды бөлек шығарады. Сонда ол күйеуінің ата-анасына қай кезде бауыр басады? Бауыр басып, өз отбасындай сезіну үшін ата-ененің қолында кемінде үш жыл тұруы керек. Мен екі жыл аз тұрыппын", - деді Жазира Байырбекова.

KAZ.NUR.KZ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста