Гүлназ Әлімгерей:" Кредитке көлік, ипотекаға баспана да алып көрдік"

Азамат қолдан келгенше отбасына бар жағдайды жасауы тиіс. Ол жағынан әйел ешқашан шарт қоя алмайды әсілінде. Бұл - инстинкт ердің түйсігінде, тәрбиесінде, сірә. Мен тұрмыс құрғалы 15 жылдың бес жылын пәтер жалдадық. Кредитке көлік, ипотекаға баспана да алып көрдік. Аллаға шүкір бізде ортақ мақсат болды. Әлі де бар. Таусылмасын. Бізді қиындықтар шындады, бір-бірімізге деген сыйластығымызды арттырды, бауырға қамқор, досқа адал болуды үйретті. Сатқындық пен лақтырғанды да көрдік. Бірақ сынған емеспіз. Керісінше, сабақ алдық. Жаман болмадық. Нұрекең мені қаражаттан ешқашан шектеген жоқ. Әкенің ақшасына шалқып, көкенің мұрасына мастанған емес. Әлі күнге адал еңбек, маңдай терімен тауып келеді ризық-несібесін. Мақтанды демеңіз, қазір ойлап қарасам қоғамдық көлікке де мінген кезім саусақпен санарлық (студенттік кезді айтпаймын). Сол әлгі қыстыгүні машинамыз оталмай, такси тоқтамай қойған кездер-ау шамасы?! Ата-енемнің арқасында жұмыстан да қалған емеспін. Иә, араларыңызда енесін жамандауға дайындар бар білем. Бірақ ешнәрсе бір жақты болмайды. Тілін тауып, жағдайын жасамасаң жақсының да шыдамы таусылар, жаманның да ауруы қозар?! Тоқетері - әке-шеше сенің балаңды бағуға міндетті емес!
Осының бәрін не үшін жазып отыр дейсіз?! "Құтырғансың", "даңғарадай үйді сатып ешіргенсің", "ақшаң сыймай бара жатса жоқтарға үлестір" деген сын айтып, ақылы тасып жатқандарды көзім шалды. Кімге қандай садақа бердік, береміз - бір Аллаға аян. Пенденің алдында есеп беруіміз міндетті емес. Ал, алға ұмтылып жатсақ қуанып, тілекші болған жөн. Сонда ғана Құдай Сізге еселеп береді! Аллаға шүкір біздей көпбалалы отбасы боп, ата-анаңыз қолыңызда, үйіңізден қонағы арылмаған үлкен әулеттің ОТАҒАСЫ/ОТАНАСЫ атанып отырсаңыз алғыстан басқа айтарым жоқ. Әйтпесе, мықтымын деген талай азаматтар үйіндегі жеңгемізге/келінге билігі келмей, бір құман шайға шақыра алмай жүрген жоқ па?! Сырттан сын айтпас бұрын жұртқа тағатын мінімізді алдымен өзімізге айтып көрейік иә, мықты болсақ. Артық кетсем кешірерсіз
______________________________________________________➡️➡️➡️ Гүлекеңнің пәлсапасының 

Инстаграм парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста