Зодиак белгілерінің туған күн бойынша үйлесімділігі

Зодиак белгілерінің туған күн бойынша үйлесімділігі

Бір-біріне жақын жандардың қарым-қатынасы келісім мен ортақ мүддеге негізделген. Сүйікті адамыңыз туралы нені білу маңызды және мінсіз жұп болатын жанды қалай таңдау керек? Үйлесімділіктің нақты есебін туған күн мен зодиак белгісі туралы ақпараттан білуге болады. Тоқты Күшті от белгісі даралығымен ерекшеленеді.

Тоқтының туған күн бойынша үйлесімділігі қандай?

Тоқты мына күндері дүниеге келген жандармен жақсы үйлесім табады: 22 мамыр – 21 маусым; 23 қараша – 22 желтоқсан; 21 қаңтар – 19 ақпан. "Гороскоп совместимости. Магия отношений" кітабының авторы Ян Дикмар Тоқтының Егіздер, Мерген және Суқұйғышпен жарасып кететінін болжайды. Ал Шаян, Таразы және Тауешкі белгісінің өкілдерімен түсінісу қиынға соғады. 

Торпақ Жер белгісі адамдармен оңай жақын бола алады.

Торпақтың жан-дүниесі туған күн бойынша кіммен сәйкес келеді? Оған мына кезеңдерде туған жандар жайлы болады: 21 сәуір – 21 мамыр; 23 қараша – 22 желтоқсан; 21 қаңтар – 19 ақпан.  Совместимость по знакам зодиака" кітабының авторы Слава Воронцов Торпақ үшін Бикеш және Тауешкімен дос болу қолайлы деп санайды. Достық махаббатқа ұласуы мүмкін. Ал Егіздер, Мерген және Суқұйғышпен тым көп қарама-қайшылық бар. 

Егіздер

Егіздер белгісі адамдармен қарым-қатынас орнатқанды жақсы көреді, бірақ махаббатта таңдау жасайды. Егіздердің туған күн бойынша үйлесімділігі қандай? Бұл белгі өкілдері мына күндері дүниеге келген жандармен жақсы жарасып кетуі мүмкін: 21 наурыз – 20 сәуір; 23 шілде – 21 тамыз; 23 қараша – 22 желтоқсан. Егіздер Тоқты, Арыстан және Мергенмен мықты әрі ұзаққа созылатын байланыс жасай алады. Шаян, Сарышаян, Балықтар, Егіздер, Таразы, Суқұйғышпен де жақсы қарым-қатынас орната алады, бірақ бұл махаббат емес.

Шаян

Қамкөңіл әрі сезімтал белгі иелері отбасын құруға ұмтылады. Шаян туған күн бойынша кіммен жұп бола алады? Мына кезеңде туған жандармен жақсы одақ шығуы мүмкін: 21 сәуір – 21 мамыр; 22 тамыз – 23 қыркүйек; 23 желтоқсан – 20 қаңтар. Шаяндар Торпақ, Бикеш, Тауешкі белгілерімен мінсіз үйлесім табатынын байқауға болады. От және Ауа күші өкілдерімен жақын болмаған дұрыс.

Арыстан

Арыстандар туған күн бойынша басқа белгілермен қалай үйлеседі? Мына кезеңдерде туған жандармен бірге Арыстанның қарым-қатынасы мықты болады: 22 мамыр – 21 маусым; 24 қыркүйек – 23 қазан; 21 қаңтар – 19 ақпан. Арыстан Егіздер, Таразы және Суқұйғышпен жарасымды жұп бола алады. Жер және су белгілерімен қарым-қатынасы қызығырақ болуы мүмкін, дегенмен күрмеуі көп екенін де ұмытпаған жөн.

Бикеш

Бикеш туған күн бойынша кіммен сәйкес келеді? Ол мына кезеңде туғандарға көбірек назар аударады: 22 маусым – 22 шілде; 24 қазан – 22 қараша; 20 ақпан – 20 наурыз. Бикеш бұл адамдармен тамаша үйлесімділікте болады. Жер белгісі су белгілерінің (Шаян, Сарышаян немесе Балықтар) арасынан тамаша серік табады. Бикешпен некелесу сәтті болады, дегенмен оған От және Ауа белгілерімен келісу оңайға соқпайды.

Таразы

Таразылардың туған күн бойынша өзгелермен үндестігі қандай? Көбінесе керемет коммуникатор әрі дипломат боп келетін Таразылар барлық белгімен тез тіл табысады, бірақ мына кезеңде дүниеге келген жандармен арадағы неке мінсіз болуы мүмкін: 21 наурыз – 20 сәуір; 23 шілде – 21 тамыз; 23 қараша – 22 желтоқсан. Сүйкімді Таразының Тоқты, Арыстан және Мергенмен ұзақ әрі берік неке құру мүмкіндігі мол. Жер және су белгілерімен қарым-қатынас орнатудан аулақ болған жөн. Таразы.

Сарышаян

Сарышаян туған күн бойынша кіммен жұп бола алады? Су элементінің жұмбақ өкілі мына мерзімде дүние есігін ашқан жандармен тез тіл табысады: 21 сәуір – 21 мамыр; 22 тамыз – 23 қыркүйек; 23 желтоқсан – 20 қаңтар. Сарышаян Торпақ, Бикеш және Тауешкімен ең мықты жұп бола алады. От белгісі боп саналатын Тоқты, Арыстан және Мергенмен байланыс орнату жеңіл болмайды. Сонымен бірге Егіздер, Таразы және Суқұйғыш белгісінде дүниеге келген жандармен некелесу үшін ортақ мақсат жоқ. Сарышаян. 

Мерген

Мергендердің туған күн бойынша басқа белгілермен үйлесімділігі қандай? Ол бәрімен тамаша дос бола алады және Мергеннің махаббаты мына кезеңде туғандармен жақсы өрбиді: 21 наурыз – 20 сәуір; 23 шілде – 21 тамыз. Мерген отты Тоқты және Арыстанмен үйлеседі. Ал басқа белгі өкілдерімен қарым-қатынас орнату қиынға соғады. Мерген. 

Тауешкі

Туған күн сәйкестігі бойынша Тауешкі кіммен жақсы үйлеседі? Зодиактың ең күшті белгісі шынайы сүйе біледі және мына кезеңде туған адамдармен ерекше байланысы бар: 22 маусым – 22 шілде; 24 қазан – 22 қараша; 20 ақпан – 20 наурыз. Жер белгісі әсіресе Шаян, Сарышаян және Балықтарға ұнайды және олармен қарым-қатынасы күшті болады. Отты Тоқты, Арыстан және Мергенмен, сондай-ақ Егіздер, Таразы және Суқұйғыштармен көптеген қарама-қайшылық болады. Тауешкі. 

Суқұйғыш

Суқұйғыш кіммен туған күн бойынша үйлеседі? Талантты әрі ерекше Суқұйғыш романтикалық қарым-қатынасты мына кезеңде туған адамдармен некеге ұластырады: 21 наурыз – 20 сәуір; 23 шілде – 21 тамыз; 23 қараша – 22 желтоқсан. Суқұйғыш Тоқты, Арыстан және Мергенмен керемет үндестікте болады. Екі Суқұйғыштың бірігуі де жақсы, алайда Торпақ, Бикеш, Тауешкі, Шаян, Сарышаян және Балықтармен әлдеқайда қиын болады. 

Балықтар

Балықтардың туған күн бойынша басқа белгілермен үйлесімділігі қандай? Сезімтал Балықтар мына кезеңде туғандарға ғашық болып, бақытты неке құрады: 21 сәуір – 21 мамыр; 22 тамыз – 23 қыркүйек; 23 желтоқсан – 20 қаңтар. Балықтар.  Игорь Родин "Как общаться с Рыбами, чтобы всегда оставаться в выигрыше?" кітабында Балықтар бірінші боп өте сирек жағдайда ғана қадам жасайтынын жазады. Торпақ, Бикеш және Тауешкі әлдеқайда батыл, сондықтан олар тамаша жарасады. Ал Тоқты, Арыстан және Мерген, сондай-ақ Егіздер, Таразы, Суқұйғышпен қарым-қатынас орнату қиын. Туған күн бойынша белгілердің астрологиялық үйлесімділігі махаббат одағының болжамын жасауға көмектеседі. Некеге тұратын жұбыңызды таңдаған кезде оларға назар аударыңыз, сонда қарым-қатынасыңыздың бұзылу қаупі айтарлықтай төмендейді. 

kaz.nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста