Сырмақ шерткен сыр

Сырмақ шерткен сыр

Ертеде әділ хан болыпты. Соның жарлығы бойынша қол астындағы елдің ою-өрнек, кесте, бастырма, тоқыма, оймыш, тігін, шекіме, құйма өнерлерін меңгергені сонша, үйлердің іші-сырты, киім-кешектері, жиһаздары мен бұйымдары түгелдей оюланған әрі өрнектелген әсем де көрікті екен. Және олар бір-бірімен ою тілінде де сөйлесе алатын болыпты. Сол себептен бұл ел басқарушысы – Ою хан аталып кетіпті.

Жылдардың бір жылында бөтен елдің ханы соғыс ашып, Ою ханды орнынан алып, билікті өзі жүргізеді. Ол ескі салт, көне дәстүр, байырғы әдет, ежелгі өнер, бұған дейінгі мәдениет белгілерінің бәрін жойып, жаңаша құрмақ болыпты. Бірақ ескі оюдың орнына жаңа ою таба алмапты. Жаңа дегеннің бәрі ұзаққа бармай ұмыт бола береді. Бұрынғы өнердің, сол өнерді жасаушы шеберлердің көбі азайып, жоғалуға айналыпты.

— Уа, хан-ием! Мына райыңыздан қайтыңыз, теріс жолмен кетіп бара жатырсыз, — деп жөн айтқанның да, айтпақ болғанның да, тіпті ондай адамдармен сыбайлас екен дегендердің де көзін жоя беріпті. Сондықтан да оны жалық Жою хандеп атапты.

Бұл кезде зынданда жатқан Ою хан жағдайдың бәрін естіп- біліп жатады.

Бір күні Жою жанның жалғыз ұлы аңға шығады, Жолындағы аң атаулылардың бәрін қырып, еті мен терісіне қарық болмақ ниетпен ойына алғанын істеп келе жатқанда бір үкі мұның бетіне шапшиды. Бала жанталаса ажыратып үлгергенше үкі оның екі көзін ойып жібереді. Ешнәрсе көре алмай тентіректеп келе жатып бір жардың басынан құлап, көлге батып өледі.

Бұл кезде Жою хан баласына іздеу салып жатқан еді.

— Кімде-кім баламның өлімін естіртер болса, соның басын аламын, — деп жарлық берген соң ешкімнің батылы бармайды.

Мұны естіген Ою хан баланы іздеуге өзінің баратынын хабарлайды. Жою хан зынданнан шығарып жолға салады. Ою хан дәрі-дәрмегін, құрал – сайманын алып орманды аралап келе жатып бір тастың астынан:

— Жойылсын, Жою хан! – деп қиналған дауысты естиді. Тасты көтеріп қалса, жамбасына оқ тиіп, күйреген сұртышқан жатады. Ою хан дереу аяғын таңып, дәрі құйып жөніне жібереді.

Осылайша жолында кездескен жаралы аң-құстың бәрін емдейді. Ең соңында қанаты сынған үкіні дәрілеп: «Жою ханның баласын көрдің бе?» деп сұрайды.

— Қатыгез хан баласы жолында кездескен сұртышқанды, арқарды, бұғыны, жолбарысты жаралап, балықты құрлыққа тастап, бәрін қайта айналып келіп, сойып алмақ болғанда, мен оның екі көзін шығардым. Өйткені ол жараланғанның бәріОю хан еккен орманның ең соңғы аңдары еді. Хан баласы қазір көл түбінде жатыр,-дейді үкі. Болған жайдың барлығына көзі жеткен Ою хан үйіне оралып, барлығын сырмақтың бетіне түсіріпті. Ою хан сырмақты Жою ханға әкеле жатқанда аш-жалаңаш халық бірге еріп келеді. Ою хан сырмақты Жою ханның алдына жайып жібереді. Сырмақтың оюы көз жауын алатындай көрікті, бояулары адам жанын баурап алатын сиқырлы болады. Жою хан сырмақтың оюына қарап ойланып ұзақ отырып, алдағы оқиғаны іштей тарқатады.

1. Балам , биік-биік тауларды асып,

2. Тере – терең сулардан өтіп,

3. Қалың жыныс ормандарды

аралап,

4.Күндіз де, түнде де талмай жүрген екен

 

 

 

 

 

 


1. Жүрген жолдарда ұшқан құстармен беттесті.

2. Бүғымен кездесті.

3. Тау тағысы арқар да жолығыпты.

4. Жорғалаған тышқандар да қарсы келгенге ұқсайды.

5. Сорлы балам жолдбарыспен арпалысыпты.

10.Балыққа да ұшырасыпты

11. Айдын көлге де түсіпті.

12. Қайран ұлым, алып күштің иесі екендігіңді аңдарға көрсеткенше, ел ішіндегі дұшпаныңа негек көрсетпедің? Тірімісің, өлімісің ?

— Тоқта, мына ою не деп тұр? Балаң екіге бөлінді, жаны рухқа, тәні аруаққа айналды деп тұр ма?

Кенет Жою хан атып тұрып;

-О, жалған! Менің жалғыз ұлым шынымен өлгені ме? Өлтірем!!! – деп қылышын суырып алып Ою ханға төнеді. Ою хан саспастан Жою ханның алдында өз айтқанын есіне салады. Ханның екі айтқаны өлгені деп, ханның жарлығы өз басын алуға себеп болады. АлОю ханды ел-жұрты ақ киізге орап, хан көтеріп, ақ түйе сойып ұлан-асыр той жасапты Көп ұзамай ел еңсесін көтеріп, төл өнерін қайта жандандыра бастапты.

Әр оюдың тілі бар деген сөз осыдан қалған болар.

Ою-өрнек дегеніміз – дәлдік, есеп, теңдік,теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, парасаттық, зеректік, көңілге шабыт, ептілік, іскерлік, шеберлік, икемділіке баулиды, тәрбиелейді. Ою-өрнек өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген ғашықтық, құштарлық жинағы.

Ою ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болады.


tarbie.kz  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста