Құмалақшы жайлы не білеміз?

Құмалақшы жайлы не білеміз?

Ислам дінінде болашақты болжауға болмайды деген ұғым бар. Ол Жаратушы иеміздің өзіне ғана айқын. Дегенмен, кейбір жағдайда келешек жайында білгісі келетін адамдар табылады. Дүниежүзінде алдағы өмірге болжам жасап, тарихта аты қалған көріпкелдер аз емес. Қазіргі таңда әлем жұртшылығы аттарын жақсы білетін Нострадамус, Ванга секілді көріпкелдер жайлы жиі айтылады. Олардың айтқандары бүгінде ақиқатқа айналып, халықтың таңданысын туғызып жатқаны тағы да рас. Бұл да жұмбақ жаратылыстың бір сыры шығар. Қазақ халқында құмалақшы деген ұғым бар. Көшпелі өмірде төрт түліктің жайын күйттеп үйренген қазақ үшін жоғалған түлігін іздегенде барар жер, басар тауы қалмай құмалақшылар көмегіне жүгінген. Сондай-ақ басқа да жағдайларда олар осындай тіршілікпен айналысатын адамдардың жәрдемін қажет еткен. Құмалақшы алдына келген адамның сан түрлі себеппен осындай әрекетке барғаны бәрімізге белгілі. «Алаш айнасы» тілшісі дәл осы қазаққа жат емес, тылсым құпия жайында сыр шертеді.
Көне кезеңді көзбен көрген жоқпыз. Кешегі күндердің көрінісін тілге тиек ете аламыз. Ақ жаулықты аналарымыз құмалақ ашып отырушы еді. Әскерге кеткен баласының хабарын білгісі келетін. Оқуда жүрген баласының жағдайын білмек ниетпен қырық бір құмалағын салатын. Әйтеуір, құмалағы дұрыс түссе, көңілін демдеп отыратынын көзіміз талай мәрте көрген едік. Қазіргідей техниканың өркен жая қоймаған кезінде құмалақ салған аналарымыздың бұл тіршілігіне әбден бойымыз үйренген еді. Ол кезде қазіргідей қайда жүрсең де оп-оңай тауып алатын ұялы телефон байланысы дегеніңіз ешкімнің түсіне де кірмейтін.
Айта кетерлігі, құмалақшы ешқашан адамның болашағы жөнінде жорамал жасамайтын. Ислам дінінің имандылығына ұйыған халқымыз сол қағиданы басты назарда ұстайтын. Тек қана жоқ нәрсені іздеуге, ет жақынының амандығын білу мақсатында құмалақты кәдеге жаратып жататын еді. Таңданарлығы, құмалақ салған адамның болжамы көп жағдайда тұп-тура келіп жататын-ды. Оны біздің халқымыздың түрлі тылсымның сырына үңіле білгендігінің бір көрінісі деп айта аламыз.
Жалпы алғанда, құмалақ салу бал ашудың бір түріне жатқызылады. Ел ішінде жауырыншы, тамыршы, есепші, алақан-саусаққа қараушы секілді бал ашушылар кездеседі. Осыған қарамастан қарапайым жұрт көбінесе құмалақшы көмегіне жүгінеді. Қысқасы, қырық бір құмалаққа сенетіндер саны аз емес. Бұл көріпкелдік түрі тек бізге тән сияқты көрінеді. Алайда, құмалақ салу ісімен Орта Азия мен Кавказ, Үндістан мен Иран, Тибет пен Корея, Жапония мен Америкада болғандығын тарих беттерінен жақсы білеміз. Қазіргі таңда оған елімізде мән беріліп келеді. Дегенмен, кейбір жағдайда оны тек пайда табудың көзіне айналдырып алғандар аз емес.
Қысқасы, құмалақшы деген ұғымның пайда болғанына қаншама ғасырлардың жүзі болды. Ол ерекше қабілеттің бірі болғандықтан халқымызбен бірге жасасып, келеді. Ғалымдар бал ашуды негізінен астрономиялық және астрологиялық деген екі үлкен топқа бөліп қарастырады. Бал ашу іштей түр-түрге бөлінеді. Атап айтқанда, геомантия жердегі өзгеріс әрекетті, қимыл-қозғалыстарды бақылайды. Ал, хиромантия – алақан, саусақтарына қарап, болашақты болжайды деген ұғым бар. Сондай-ақ, арифмантия – нақты есепті болжам жасайды.
Он сегіз мың ғаламды толық танып, біле алмай келеміз. Адамның ақыл-ойы қанша жерден дамып кетті десек те, аспан әлемінің қыр-сырына қанығу қолымыздан келер емес. Зеңгір көкте әзірге зердеміз жетпей жүрген жайлар баршылық. Бәлкім, ғылым мен технология қарыштап дамыған бір заманда бәрінің кілті табылып қалар. Бүгінде біз талай сырдың құпиясын аша алмай жүрген жайымыз бар.
Құмалақ тартуға қойдың қырық бір құмалағы немесе соған ұқсас ұсақ тастар, өсімдік дәні пайдаланылады. Құмалақшы құмалақ тартарда ақ мата жаяды. Ол ақ матаның бетіне қырық бір құмалақты шашып тастайтын болады. Алдымен тастарды үш-үштен, сосын 1/3 бөлікті төрт-төрттен бөліп, қалған тастарды мата бетіне қояды. Содан кейін үш қатарға үш реттен қалдық тасты орналастырады. Оны құмалақ тізбесі деп атайды. Салғаннан қалған тастарды тағы да үштен бөліп санап, соңғы қалдық пен шашылған тастардың орналасуына қарай құмалақшы болжамын айтады. Түсінген адамға осылайша тастар да «тіл бітіп» сөлей бастайды. Осыдан кейін құмалақшы айтқан болжамның нақтылығы айқындала түседі. Осы іске әбден үйренген адамдар оны белгілі бір уақытта таза орында тартатын болған. Тылсым күш ретінде құмалақшылық қасиет атадан балаға тұқым қуалап беріледі деген де ұғым бар елдің арасында. Қысқасы, бұл да аспан әлемімен байланысты тағы бір айқындаса керек-ті.
Біздің қазақ халқы ертеден-ақ аспан әлемінің қыр-сырына қанық болған секіл¬ді. Мәселен, түнде жол жүрген адам Темір¬қа¬зыққа қарап, жолдың бағытын білген. Өйткені аталған жұлдыз өз орнын өзгерте қоймайды екен. Сондай-ақ Жетіқарақшы, Құс жолы деген ұғымдар бізде қаншама уақыттан бері бар. Сондықтан Қорқыт ата жайлы аңызда біздің халқымыз жер кіндігіне байланысты осындай ұғымдарды негіз етіп алған болуы әбден мүмкін.
Көнеден сақталып келе жатқан құмалақшылық жайында қазақтың көрнекті ғалымы болған Шоқан Уәлиханов та біраз деректер қалдырып кеткен. Ол құмалақ салудың өте ерте кезеңнен сақталып келе жатқанын артында жазып қалдырған. Құмалақ салу терең зерттеуді қажет етеді. Бұл тұрғыда мамандар өз жұмыстарын қолға алады деген ойдамыз.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста