Құлболды ишанның кереметтері

Құлболды ишанның кереметтері

Сыр бойы – алты Алаштың анасы. Аңыздағы желмаяға мініп, дүниені шарлаған Асанқайғы атамыз да осы өңірге дамылдаған. Дүниені дүрліктірген Іскендір Зұлқарнайын атбасын бұрған. Қысқасы, Сыр қасиетін, тарихын тізбелей берсек, таусылмайды. Маңғыстауда 362 әулие болса, бір ғана Жаңақорғанда әулиелі киелі орындар молынан кездеседі. Қазір Сыр өңірінде 550-дей әулиелер болған. Бұл жайында қызылордалық өлкетанушы ағамыз Шайдарбек қажы Әшімұлының "Өткен әзиз әулиелер” атты кітабында кеңінен баяндалған. 

Елге сіңірген ерен еңбегімен халық жадында сақталған хан да, би де, батыр жа көп. Алайда, адамгершілік пен парасаттылықтың ақ туын әрқашан да желбіретіп жоғары ұстаған дін өкілдерінің тарихтан алар орны ерекше. Халық батырлары мен билерді айбарлым, ардақтым деп құрметтесе, дін өкілдеріне әулием деп табынып, пір деп сиынған. Шариғат жолын насихаттаушылардың ішінде көп арасынан өткір кездіктей суырылып шығып "әулие", "ишан", "дамулла" атағын иеленген, бойында ерекше қасиеті бар жандарды халқымыз қатты құрметтеген. Осылардың арасындағы көрнекті тұлға – Құлболды Ишан туралы әңгіме де көп.
Құлболды Ишан кезінде Құл Қожа Ахмет хазірет сұлтан негізін салған софылық-дәруіштік діни ағымның Тұран өңіріндегі ең соңғы бірегей өкілі саналатын Қажы Мәді Қожаның әдебиеттері де көбінесе жалаңаяқ Әздүр, дуана Қожа құсшы ата лақап есімдерімен белгілі адам (бесінші ұрпағы) осы Қажы Мәді Қожадан Қожа Жаһан одан Қожакілен, Қожакіленнен Сейіт, Сейіттен Сұлтан, Сұлтаннан Құлболды туады. Құлболды сұлтан Қожадан жеті баланың екіншісі. Ол кісі жас кезінен бастап оқуға, дін ілімін меңгеруге деген алғырлығымен ерекшеленген. Жас кезінде қазіргі Тереңөзек ауданындағы Шіркейлі ауылындағы Заман ақынның баласы Хан Қожаның медресесінде Ысмайыл Әздүрден арабша тіл сындырып, сауат ашқан. Бастауыш білім беретін мектепті бітіргеннен соң, Бұқар шаһарында оқып, білімін одан әрі тереңдеткен. Ескі көздердің әңгімесі бойынша Айып қожа, Марал, Қосым, Құлболды Ишандар Бұқарал шаһарында, кейін Ауғанстанда бірге оқыған. Олар бір-бірімен замандас болған. Құлболды оқу бітіріп, келісімін үш жылға жуық Ысмайыл Әздүр мешітінің имамы болады, әрі бала оқытады. Алғыр шәкіртінің шариғат жолына жүйріктігін пайымдаған Ысмайыл Әздүр жасы келгенін айтып, білімді жасқа ақ батасын беріп, мешіт пен медресеге иелік жасауды тапсырады. Содан бастап Құлболды бар саналы ғұмырын шариғат жолын насихаттау мен шәкірттер тәрбиелеу ісіне арнайды. Ел арасында "Ишан" деген құрметті атақ шариғатты жете меңгерген, Құран Кәрімді тегіс жатқа білетін, Расул Алланың жолында адал, мұсылманшылық кәдені ұстанатын дін иелеріне ғана беріледі.
Бізге дейін жеткен әңгіме бойынша бірде кіші жүздің Мырқы атты байы бастаған игі жақсылар қауымы "оқудың түбін сынап көрейік" деп уағдаласады. Құлболды көзінің аласы мол, шүңірек көзді, ұзын бойлы, арықша келген қара кісі болған. Оның түр-тұлғасы мен бітім-болмысына кейбіреулердің көңілі толмайды. Әсіресе, байлықтың буына мастанып, үрлеп ішіп, шайқап төгіп, кеудесіне нан пісіп жүрген байлар Құлболдыны елдің "ишан" деп құрметтеп, етегінен сүйіп, елбең қаққанын көре алмайды. Ақыры ишанды сынап көрудің де сәті түседі. Мыңғырған малы бар, түйесінің алды Сырға құлап жатқанда, арты қарақұмнан енді шығып жататын Мырқы байдың аталасының асы өтеді. Сол асқа Құлболды ишан да арнайы шақырылады. Сынақ ұйымдастырушылар Құлболдыға тігілген үйге ханның ұрпағы деп, жасы үлкендеу Олжабай есімді төрені қоса кіргізеді. Төрде отырған Құлболды мен Олжабайларға бір табақ тартылады. Жалаңдап қызмет істеп жүрген жігіттер үй толы адамның көзінше бабымен балбырап піскен жас құлынның басын хан тұқымы Олжабайға тартады. Үйдегілер үндемейді. Табақ тартылып, асқа кірісер алдында Пайғамбар ұрпағынан бата сұралады. Құлболды арабша мақамдап оқып, дұғаны ұзақтау қайырып, "әумин" деп қос қолмен жүзін сипап бола бере, төренің алдындағы құлынның басы салынған табаққа шаңырақтан сала құлаш қара шұбар жылан салп ете қалады. Табаққа түсісімен бойын тіктей ысылдап, жан-жағындағыларға айбат шегеді. Түсі суық жыланды көріп, асып-сасып төре "астапыралла" деп, шошып кетіп, шалқалай құлап, керегеге басын соғып, талып қалады. Үй ішіндегілер бірін-бірі баса-маса сыртқа ұмтылады. Құлболды ештеңе болмағандай көзін жұмып, үнсіз отырып қалады. Біраз уақыттан соң "Я, Раббым, пенделердің пендешілігін кешіре гөр" деп дұға оқиды. Сол мезетте ысқырып, айбат шегіп тұрған жылан жуасығандай құлынның басына оралып, жатып қалады.
Осы сәтте Құлболды ишан:
– Жылан екеш жылан да 18 мың ғаламды жаратқан Алла Тағаланың мақұлығы. Оны өлтірмей, басына ақ құйып шығарыңдар, ана басты жеті қазынаның бірі – итке тастаңдар, мен, намаз оқып келейін, - деп, шапанының етегін жинап, тұрып кетеді.
Қызметші жігіттер жыланның басына ақ құяды, жылан жоқ болып кетеді. Сол жолы Мырқы бай бастаған адамдар ишанды сынайық деп, әруаққа шет болғандары үшін Құлболдының шапанының етегіне көздерін сүртіп: "Тақсыр, біздің пендешілігімізді ғафу көріңіз" ,- деп кешірім сұрайды. Ишанды дереу басқа үйге кіргізіп, сый-сияпат көрсетіп, құрметтейді. Тікелерінен тік тұрып, қызмет жасайды. Осы оқиғадан кейін, Мырқы Құлболды ишанды пірім деп мойындап, қол береді. Дін жолын ұстауға ант етеді. Кейіннен Меккеге қажылыққа барып, ол жақта өз қаржысына мешіт салдырады. Бір жылы жауын-шашын аз болып, жайлаудағы құдықтар құрғап, шөп қурай бастайды. Ауыл ақсақалдары не істерін білмей, дағдарады. Ақыры, жиналып, ақылдасу үшін Құлболды ишанға келеді. - Тақсыр, ел әбден титықтады. Қуаңшылықтан жер табаны тартылып барады. Мал-жанның берекесі кетті, бұған не амал бар, қандай ақыл бересіз,- дейді жұртшылық. -Уа, ағайын, бәрі де Құдайдың ісімен болатын нәрсе. Сонда да қол қусырып отырғанымыз жарамас, ауылды жинап, құрбандық шалып, тасаттық берудің қамын жасаңыздар. Мен Расул Алла медет берсе, жаңбыр жаудыр деп тілейін,- дейді. - Тақсыр, айтқаныңызды орындауға бек әзірміз,- дейді. Құлболды ишан жас жігіттерге үй-үйден арқан жинатады. Оны бір-бірімен ұштастыра жалғатады. Төбенің басына оңаша үй тіктіріп, үйді айналдыра арқан тастатып, өзі үй ортасына отырып, бетін құбылаға қарай беріп, қирағаттап дұға оқуға кіріседі. Ишанның қоңыр дауыспен мақамды оқыған дұғасын еліте тыңдап тұрған ауылдастары бір жағынан не керемет болар екен деген әуестікпен төбе басында тігілген үйден көз айырмайды. Бір үйде тасаттық беріліп жатады. Құлболды дұғаны үзбейді. Арада бие сауымдай уақыт өтеді. Сол кезде құданың құдіретімен үйді айнала шұбатылып жатқан арқанға жан біткендей, қозғала бастайды. Мына кереметті көрген кісілер "бісміллә, бісміллә" деп жағаларын ұстайды. Арқан ирелеңдеген алып аждаһадай бірте-бірте басын көтереді. Басын көтеріп, бойын тіктей, көкке қарай өрлейді. Өрлей-өрлей барып, зеңгір көкке біржолата сіңіп кетеді. Ишанның бұл кереметін көргенде арманда, көрмегенде арманда қалып, аң-таң болады. Олар аң-таң болып тұрғанда, шайдай ашық аспанды ақ шудалы бұлт тұмшалай бастайды. Бұлт қоюланып, ауырлай түседі. Құрғақшылықтан кезенесі кеуіп жатқан дала телегей-теңіз судың астында қалады.
Құлболды бабадан үш бала болған. Олар: Әбубәкір, Омар және Фазыл. Омардың ұлы Құланқадір ишан да Фазылдың ұлы Әбумақсым да дін жолын ұстап өткен Сыр өңіріне әйгілі кісілер. Құлболдының қазіргі ұрпағы 6-шы атада тұр. Олар Сырдария ауданының Қоғалыкөл, Шіркейлі ауылдарында тұрады. Ишан ата мазары Қоғалыкөлден Шіркейліге баратын үлкен жолдың бойында, күншығыс жақ бетте орналасқан. Алғашқы мазарын қам кесектен Тұрсынбай датқа салған. 2000-шы жылы жаңартып, қайта салынған.
Әруақ сыйлап, дінді құрметтейтін кісілер баба мазарына тоқтап, дұға оқып, аттанады. Түрлі науқасы бар кісілер ғұсыл дәрет алып, бабаның басына мал құрбандық шалып, түнеп қайтады. 2010-шы жылы шырақшының үйі салынып, пайдалануға берілді. Келімді-кетімді кісілердің (жолаушы) қонатын үйінде көрпе-төсек, қазан-ошақ бәрі дайын тұр. Құдайдан бала сұраған, ұшынған, шошынған пенделер түнеп, құран оқып, жолға шығады. Құлболды ишан "Құдай бір, Пайғамбар хақ, Құран шын" деген сенімді басшылыққа алып өткен кісі. Дүние-мүлік керек етпеген. Елдің бірлігі, адамзаттың татулығы, барлық тірлік Құдайдың құдіретінде екендігін түсіндірген. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста