Әлемді алапат соғыс күтіп тұр. Алты көріпкелдің айтқаны

Әлемді алапат соғыс күтіп тұр. Алты көріпкелдің айтқаны

Үшінші дүниежүзілік соғыс болуы мүмкін. Бірақ қашан? Қай кезде және оны кім бастауы мүмкін? Бұған қатысты көріпкелдер көп болжам айтқан. Әлемді аузына қаратқан әулиелердің бұл пікірі қаншалықты қисынға келеді? Мақұл, Ванганың көріпкелдігі туралы көп әңгімелемей-ақ қояйық. Мұның бәрі де жұртшылыққа таныс. Ал өзге әулиелер не дейді? Өткен немесе осы ғасырдың басында айтылған болжамдардың қайсысы ақиқатқа жақынырақ? Үшінші дүниежүзілік соғыстың болуы мүмкін бе? Сонымен...

1.Өмірінде көп қисынды жорамалдар айтқан норвег көріпкелі Гунхильда Смелхустің 90 жасында жария етілген жорамалы төрткүл дүниедегі дүйім жұрттың есінен әлі шыға қойған жоқ. Үшінші дүниежүзілік соғысқа қатысты айтқан оның пікірі шын мәнінде назар аударарлық. Гунхильда Смелхус 1968 жылы әлемнің қалай өзгеретіні жайлы қызықты деректер келтірген. Соның барлығы да бүгінгі таңда орындалып жатқан сияқты. Оның пікірінше, «үшінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы қолдан жасалынған ең апатты оқиға болады. Ол әлемде саяси дағдарыс туғызбайды, бұл алапат соғыс аяқ астынан тууы мүмкін».

Үшінші дүниежүзілік соғыстың таяп келе жатқан көрінісі ретінде Гунхильда Смелхус иммигранттардың Еуропа құрлығына жосып, ауа көшуін айтады.

«Кедей елдердің азаматтары соғыстан және жоқшылық, кедейшіліктен қашып, Еуропаға ауады. Бұл шын мәнінде біршама уақытқа созылған және адамдарды қатты әбіржіткен оқиғаға айналады. Мұның соңы атом бомбасын тастауға ұласуы ықтимал. Ауа қабаты экологиялық жағынан ластанады, адамдар тыныс алуға мүмкін болмайтын дәрежеде өмір сүреді. Америка, Жапония, Австралия мен бірқатар бай елдердің құнарлы топырағы өнім алуға болмайтын дәрежеге жетеді. Бұл құрлықта өмір сүру қиынға айналғандықтан, олар кедей елдердің нарығын жаулауға тырысады, Бұл өте қатаң жайдайды жүзеге асады.

Еуропа құрлығы рухани дағдарыс кезеңін бастан кешеді. Адамдар діннен безеді, шіркеулер күңіреніп, қоңырауын соғады, діни орындарға ешкім бас сұқпайтын кезең келе жатыр. Шіркеулер жын-ойнақ алаңына айналады. Отбасылық құндылықтар жүйесі өзгереді. Ерлер мен әйелдер бірге өмір сүргенімен, олар заңды некеге тұрмайды. Әкенің бала алдындағы жауапкершілігі жойыла бастайды. Ерлі-зйыптылардың бір – біріне опасыздық жасауы мен көзіне шөп салу сияқты әрекеттері қалыпты құбылысқа айналады. Телеарналар зорлық-зомбылықты көрсетеді, адамдар бір-біріне қатыгез бола бастайды». Гунхильда Смелхустің бұл жорамалының бірсыпырасы қазіргі кезде ғаламдық проблемаға айналғанын жоққа шығаруға болмайды.

1899 жылы өмірден өткен серб көріпкелі Митар Тарабичтің де болжамдары да елең еткізерлік. Әлемнің алдағы уақытта қалай өзгеретіні туралы оның құлағына бір дауыс келіп, «сыбырлап» тұратын болған. Митар Тарабич те серб шекарасына жақындап қалған босқындарды көреді.
«Әуе соққысынан адамдардың өлігі тау болып үйіліп қалады. Сербтер бұл алапатта соғыса алмайды. Басқа біреулер ­біздің үстімізден соғыс жүргізеді», – дейді ол. Мүмкін ол өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының соңында бүтіндей бір елді бөлшекке бөліп жіберген АҚШ пен НАТО ұйымына мүше елдер қатысқан Югославиядағы соғысты меңзеген болар. Серб көріпкелі «ғаламшарда тұратын бұкіл елдің жартысы қатысқан соғыс болады, бірақ бұл алапатта жан-жағын су қоршаған, жердің қиыр шетінде жатқан бір ел ғана жаймашуақ жағдайда дым болмағандай, проблемасыз өмір сүреді», дегенді айтады. Бұл елдің енді АҚШ екені айтпаса да, түсінікті.

Ал «неміс пайғамбары» атанып кеткен Маттиас Штромбергер екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін «әлемді үшінші рет алапат өрт жайлайды» деген болжам жасағаны белгілі. Неміс көріпкелінің айтуына қарағанда, «үшінші дүниежүзілік соғыстан кейін көп ұлт жойылады немесе жоғалады, олардың болашағы болмайды. Үшінші дүниежүзілік соғыс өзгеше сипат алады».
4. 1959 жылы 55 жасында қайтыс болған тағы бір неміс көріпкелі Алоис Ирльмайер негізінен соғыста жоғалып кеткендерді іздеумен айналысса да, болашақтың көрінісі оның көз алдынан өтетін болған.
«Әлем оқыстан жарылады, үшінші дүниежізілік соғыс 8 - і немесе 9 - ы күні басталады», – деп екі санды айтқан ол алайда оның қай жерде, қай айда болуы мүмкін екендігін жария етпей, құпия қалдырған.

«Шығыстың қарулы күштері (мұсылман әскері) кең майданда шабуыл жасай отырып, Батыс Еуропаға қарай беттейді. Сонымен қатар, Монғолияда да үлкен қақтығыс орын алады. Қытай Үндістанды жаулап алады. Соғыс барысында бактеориологиялық қару қолданады. Алапат қарудан үндінің 5 миллионға жуық азаматы қайтыс болады, бұл жойқын қарудың салдары көрші мемлекеттерге де әсер етеді. Құрлықтың шығысында Иран мен Түркия арасында соғыс басталады. Ресей елін «түрлі-түсті төңкеріс» және азамат соғысы шарпиды. Көше өліктен көрінбей қалады.

1891 жылы өмірден өткен Альберт Пайк те бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстың болатынын дәл болжап айтқан. Ол 1871 жылы итальян революционері Джкзеппе Мадзиниге жазған хатында үшінші дүниежүзілік соғыс мұсылман әлемі мен Израиль арасында болатынын айтқан.
Альберт Пайк «бірақ бұл соғыс мұсылман әлемі мен Израильге зор апат әкелуі мүмкін» екендігін де жасырмайды. Расында да мұсылмандар, яғни Палестина және Израиль арасында қазіргі уақытта тартыс толастамай отырғаны белгілі. Газа секторында – өлім-жітім, әлі де қантөгіс.

 

АҚШ-тың математигі компьютерлік бағдарламалар саласында зор табысқа жеткен америкалық көріпкел Аарон Клаузеттің айтуынша, «соғыс жағдайында мәмілеге келу рет-ретімен болып отырады. Тарихқа жүгінер болсақ, 1823 пен 2003 жылдар аралығында дүние жүзінде бірқатар елдер арасында 95 жанжал болған екен. Кейбіреуі алауыздық пен соғыстың алдын алып реттелген.
Аарон Клаузеттің ойынша, «әлемдегі ең ірі әскери қақтығыс немесе үшінші дүниежүзілік соғыс 2150 жылдар шамасында болуы мүмкін. Егер адамзат бұл кезеңнен өтсе, онда жаңаша ойлау үрдісі қалыптасады да, қақтығысты бейбіт жолмен реттеу мәселесі басты орынға айналады».

Расында да қазіргі кезде ең басты құндылық –халықтың тұрақтылықта өмір сүруі. Сонда ғана төрткүл дүниеде тыныштық орнайды. Әйтпесе, адам өлімі болатын қанды майданның керегі не? Егер үшінші дүниежүзілік соғыс басталса, не болады? Мақаланың түйінін Альберт Эйнштейннің пікірімен аяқтағанды жөн көрдік.

«Үшінші дүниежүзілік соғыста қандай қару қолданылатынын білмеймін, бірақ одан кейін адам баласы қолына тас пен таяқ алып шайқасатын болады», – дейді ол.

qamshy.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста