100 жылдан соң қайталанған тағдыр
Мақала АҚШ-тың екі президенті – Абраам Линкольн мен Джон Кеннеди жайында. Олардың тағдыры бір-біріне қатты ұқсас. Зер салып қараған кезде бұлардың ғұмырлық жазмыштары бір ғана адамның қолымен жазылғандай. Неге десеңіз, даталар, оқиғалар есімдер, тіпті назар аудармайтын ұсақ-түйегіне дейін бірдей. Бір ғана айырмашылық екі президенттің арасын 100 жыл бөліп жатыр.
Арасы тура бір ғасыр
– А.Линкольн Конгресс депутаты болып 1846 жылы сайланса, Джон Кеннеди 1946 жылы Конгреске келді.
– Линкольннің президенттік таққа сайланған жылы – 1861 жыл. Ал Джон Кеннеди 1961 жылы отырды. Арасы тура бір ғасыр.
– Екеуі де афроамерикалық-тардың құқығын қорғауға барынша атсалысты.
– Екеуі де 24 жастағы қалыңдыққа үйленді. Екі президенттің де балалары қайтыс болды. Сайлаудағы жеңіске дейін екеуі де баласынан айырылды.
– Абраам Линкольннің жеке хатшысының фамилиясы Кеннеди еді.
– Джон Кеннедидің жеке хатшысы әйелі болды. Оның есімі Эвелин Линкольн еді.
– Ағылшынша жазылған кезде екеуінің де фамилиялары жеті әріптен тұрады.
– Өз өліміне аз ғана уақыт қалғанда Линкольн Мэриленд штатындағы Монро қалашығында болған.
– Кеннеди қаза болар алдында әйгілі актриса Мэрилин Монромен махаббат хикаясы болғаны айтылады.
Құпияға толы қастандық
Линкольн де, Кеннеди де – қастандықтың құрбандары. Екеуі де желкеден тиген оқтың құрбаны болды.
Екі президент те жұма күні, халық көп жиналған кезде, әйелдерінің көз алдарында қайтыс болды.
Линкольнге оқ атқан – Уилкс Бут. 1839 жылы туған. Кеннедиді ажал құштырған Ли Харви Освальд 1939 жылы дүниеге келген.
Бұл ретте де сол магиялық цифр – 100 жыл. Қастандық жасаушылардың екеуі де сот процесіне жетпей өлді. Ағылшынша жазылған кезде – John Wilkes Booth және Lee Harvey Oswald екеуінің де фамилиясы 15 әріптен тұрады.
Қапыда қаза болған Линкольннің жаны әлі тыныштық тапқан жоқ. Ал Кеннеди әулетінің мүшелерін әлдекімнің қарғысы өкшелеп келеді.
Линкольннің маңайында болған адамдар оның мінез-құлқының өзгешеліктерін сөз етеді. Қаза боларынан он күн бұрын Линкольн түс көреді және оны әйеліне баяндап береді. Ақ үйдің ішін аралап келе жатып, табытты көреді. Ішінде ақ жаймаға оранған бір дене жатыр екен. Маңайында адамдар толып жүрген көрінеді. Кенет Линкольн бір кісіні тоқтатып, «немене, біздің ақ үйде біреу қайтыс болды ма?» деп сұрапты. Қарауылдар қысқа жауап қайырыпты, «біздің президентіміз қайтыс болды» депті. Түс өңге айналды. Осының себебінен болуы керек, оқ атылған кезде президент міз бақпаған, тіпті жасырыну түгілі, бұғынуға да әрекеттенбегені айтылады.
Кеннеди әулетін тұншықтырған қарғыс жайлы айтқанда, алдымен Джон Кеннедидің оққа ұшқанын білеміз. Сосын інісі Роберт те оққа ұшқан.
1968 жылы Роберт Кеннеди АҚШ президенттігіне сайлауға түсуді ұйғарады. Сайлауалды науқан кезінде ол: «Сәттілік дегеніміз – сіздің қолыңыз жеткені, ал сәтсіздік – сізге қолы жеткені», – деп қалған екен. Арада екі апта өткенде ол Лос-Анжелесте оққа ұшты.
Кеннедидің табытын әкеле жатқан пойыз бірнеше адамды қағып өтіп, бір адамның денесін екіге бөліп кетті. Жалпы, Кеннеди әулетін қуалаған қарғыс біраз адамның басын жұтқан екен. Ал алып державаның екі бірдей президентінің тағдыр-тәлейінің айна-қатесіз ұқсастығы назар аудартпай қоймайды екен.
Дайындаған Гүлдана НҰРЛЫХАНОВА, студент
Ақтөбе қаласы.