Тойбастарға кәмпет-сәмпет таратқанша, неге кітап таратпасқа?!

Заманды қазанның астында жаным жатқан жалынға ұқсатам. Ал қазанда қайнап жатқан сорпа ұлттың қазынасы секілді. Әр ұрпақ ұлт қазанын толтырып кетіп отырмаса, жалын-заман қазандағы сорпа-қазынаны сарқып тастайды.
Сарқылып қалған қазанды толтырып жатқан Rauan Kenzhekhanuly бастаған қыз-жігіттерге мың алғыс!!!
Енді мынадай ұсыныс айтқым келіп отыр. Қазақ өзі тойшыл халық. Туғаннан өлгенге дейін даладай дастархан, сый-сияпат, ат-шапан. Осы ерекшелігімізді неге қара қазанды толтыруға жұмсамасқа?!
Айталық, өлшемі келмейтін киіт үлестіргенше неге бір бума кітап сыйламасқа?! Тойбастарға кәмпет-сәмпет таратқанша, неге кітап таратпасқа?!
Сонда кітапқа деген сұраныс артып, бұл салада еңбек етететін адамдар да көбейер еді. Нарық қалыптасар еді. Қалай ойлайсыз?
Shyńǵys Muqan
Фейсбуктегі парақшасынан





