ТЕГІН нәрсеге құмар жандар жоқшылық сүйегіне өтіп кеткен «жарымаған» адамдар
Менің командамдағы жастар «Аға елдің бәрі лоторея ойнатып, ұтыспен қызықтырып, мыңдаған адамдарды жинайды, біз де солай істейік» деп кеңестерін беріп жатады. Мен өзім өмірімде лоторея, не казино, не автомат ойнап көрмедім.
Адам табысты тек адал еңбегімен табуы тиіс деген әкейдің ұстанымы бар, соны ұстанамын. Марқұм сол кездің ермегі ақшаға карта ойнау болса да, өмірі соны ойнамай кетіп еді. Тегін нәрсені іздеу халықтың психологиясын, ниетін бұзады. Бағын еңбектен сұрағанның орнына үміттеніп анда бірдеме болып қалады ма екен, мында бірдеме беріп қалады ма екен деп көзін сүзіп, тегін нәрселерден үміттеніп өмірін өткізетін болады.
***
Негізі жетістікке жеткен, бай адамдар тегін нәрсенің бәрінен қашады. Самолетте отырғанда байқасаңыз ауқатты адамдар сонда берілген тамақты жей бермейді, қонаққа барғанда жанталасып сарқыт алмайды, тамақты тоя жемейді. Әрине ақшасы бар болса да ТЕГІН нәрсеге құмар жандар бар, олар көбінесе жоқшылық сүйегіне өтіп кеткен. «жарымаған» адамдар.
***
Жастарға айтатыным: Тегін нәрсеге жоламаңдар, өмірде тегін ештеме болмайды, бәріне еңбек арқылы жету керек. Тегіннің қадірі болмайды, тегін тегіңді бұзады. Тегін ірімшік қақпанда ғана болады. Тарихта тегін лотореядан жүздеген миллион доллар ұтып алған жандардың бәрі қайтадан қайыршы күйге түскені жайлы мағлұматтар өте көп.
***
Сіз өзіңізді бақылап көріңізші, тегін нәрсеге құмарлығыңыз бар ма? Халыққа тегін нәрсе берген, лоторея ойнатқан дұрыс емес десеңіз 1 деген цифрды қойып кетіңіз, жоқ дұрыс десеңіз 2 деген цифр қойыңыз, қанша «халявшик» бар екенін білейік.
Ахметбек Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан