Семейге Қытайдан тікелей тауар тасымалын жандандырса, баға мұнша шарықтамас еді

2 жыл бұрын Семейде балабақша салдық. Солтүстік өңірлерде құрылыс жасаудың шығыны оңтүстікпен салыстырғанда 2-3 есе көп екенін білдім. Ғимараттардың қабырғасын қалыңдату, жылылау сияқты қосымша шығындар жетіп артылады. Оған қосымша құрылыс материалдарының тапшылығы немесе қымбаттығы да бар. Көп дүниелерді Алматыдан алдырттық. Ғимаратты жылылауда қолданатын мына суреттегі пластик шегенің бір данасы Семейде 18 теңге, ал Алматыдағы Байсаттан осыны 4 теңгеге алдық. Осындай мысалдар жетерлік. Мұның бір себебі, қытайдан келетін барлық дүние Қорғас арқылы ең бірінші Алматының базарына түсіп, содан басқа облыстарға тарайды. Семей қаласы тоғыз жолдың торабында орналасқан. Егер Семейде үлкен сауда-саттық складтары мен логистикалық орталықтарын ашып, Зайсандағы Майқапшағай кеден бекетінен Семейге Қытайдан тікелей тауар тасымалын жандандырса, баға мұнша шарықтамас еді. Бұл орайда Семейдің потенциалы жоғары. Біріншіден шекара 560 шақырымда ғана орналасқан (Алматы 1150 км), екіншіден солтүстік өңірлерге Алматыдан қарағанда Семей жақын, үшіншіден қытайлық тауар үшін Алматыға ағылатын ресейлік саудагерлерге Семей әлде қайда тиімді. Бұл Семейдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартып, қанша жұмыс көздерін ашар еді. Солтүстік өңірлерде тауар арзандар еді. Алматыға біраз логистикалық разгрузка болар еді. Баяғыдан осыған арнайы салынған "Омск-Майқапшағай" тас жолы нағыз Жібек жолына айналып, өңірдегі инфрақұрылым да біраз жақсарып қалар еді. Бірақ... Бірақ әзірге Қорғастың лоббиі бұның бәрінен мықтырақ сияқты (((
Мақсат Жәнібек
Фейсбуктегі парақшасынан





