Қазаққа КӨКӨНІС жеудің қажеті жоқ! НЕГЕ?

Қазаққа КӨКӨНІС жеудің қажеті жоқ! НЕГЕ?

Алты (6!) мың жыл бұрын жылқыны қолға үйреткен қазақ содан бері жылқының етін жеп, саумалы мен қымызын ішіп келеді. Соңғы 2-3 мыңжылдықта жылқыға түйе қосылды. Бұл екі жануардың тектілігі адамнан артық. Екеуі де шөптің тазасын жейді. Судың тазасын ішеді. Түйе өзінің сонша үлкен, күшті денесімен өте аз ғана мөлшерде жемді де, шөпті де қанағат ететіні, тұрған жері тап-таза болуы, зәрі мен тезегін алысқа тастайтыны тіпті керемет. Басқа халықтар витаминді көкөністен, жеміс-жидектен шикізат күйінде қабылдаса, қазақ оны "витамин байыту фабрикасы" болып табылатын осы екі малдың еті мен сүті арқылы алып келген! Жай витаминді емес, байытылған витаминді! Сол себепті қазақта авитаминоз деген ауру болмаған! Менің организмім ешқашан "шөп" іздемейді! Ал, қымыз бен қымыран-шұбатты қанша болса да қабылдай береді, оған тоймайды! Біз болсақ кейінгі 50-60 жылда тек сиырдың етңн жеуге көштіік. Қымыз бен қымыран көзден бұл-бұл ұшты. Әсіресе, қала қазағы үшін. Біздің жүздеген, мыңдаған жылдар бойы ет пен түйенің еті мен сусынына әбден үйренген, бірақ сөйлеуге тілі жоқ организміміз неше түрлі кесел-ауру түрінде "наразылық" танытады, "қарсылық" көрсетеді, "ереуілге", "көтеріліске" шығады, оны біз тыңдамаймыз!.. "Ойбай, көк шөп же!" дейміз. Ал, менің организмім оларды жегісі келмейді, қабылдамайды, бірақ, баяғы бейпіл қымыз бен қымыран, жылқы мен түйенің еті қайда?!.. Өркеші мен майтабаны қайда? Өркеш қосылған етті жемеген қазақтар да "ет асып жедік!" деп жүр-ау! Ондай еттің қамырының (кей жерде "наны") дәмі ешқашан есіңнен шықпайтын болады ғой...
1959 ж Тәжікстаннан Келеске көшіп келгенде әр үйіміізде кемі 3-4 түйе бар еді. Көріңдер өкіргір Хрущов олардың көзін құртты.. 1964 жылы сиыр сатып алдық. Жақсы, сүті майлы мал кездесті. Бәрібір, бір жыл бойы он жасар мен сиырдың сүті мен айранына беттей алмай жүрдім. Себебі, кемпір шешем түйені сауғанын күтіп тұрып, кішкентай алюминий шелегіне бетімді тұтас батырып жіберіп - ернеуінен емес! - ішіп үйренген маған сиыр сүті сылдыраған су татитын. Бетімді көбігіне толық батыратын себебім - көбік ұшып кеткен соң беттің терісі керемет рахаттанатын... Бұны Батыстың, "жаңа қазақтардың" әйелдері білмей жүр. Білмегені жақсы, білсе химия жаққан жаман беттерін қасиетті, адал қымыранға тығып, оның қадырын қашырады...
65-ке келдім. Әлі күнге менің ағзам "шөп" аңсамайды. Тек анда-санда өзім бала күнгі өсірген, жұпар иісі мұрын жаратын, піскен кезде пәлекте жатып бомба секілді жарылатын, шырындығы сондай, сіңіре алмай қиналғанымызда шешем артынан шәй ішкізетін, бұл күнде "келмеске кеткен" ақ торлама қауынды ғана аңсайды... Онда да анда-санда...
Қазақтың өз ұлттық тағамын жеп өскен адам ешқашан ауырмайтынына мен кепіл! Мені "авторитет" санамайтындарға Авиценнаның сөзін келтірейін: "Жазылмайтын кеселге ұшырады" деген адамға түйенің сүті мен шұбатын бере беріңдер"! Бір дәлел: Жетпісбайдың әкесі, келер жылы 80-ге толатын Еламан ағамыз жас жігіт күнінде белсіздіктен тек түйенің сусынымен жазылған... Құда қаласа, Сексенбай да болып қалар. Жеңгей дайындалып жатса керек, "мектептегілер-ақ "қашан Сексенбай болады?" деп шаршатты, солардың сөзінен құтылу үшін де туып тастамасам болмады..." деп жүрген.

facebook.com

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста