Осындай надан тобырдың кесірінен ертең елімізде азық-түлік тапшылығы сезілуі мүмкін

Осындай надан тобырдың кесірінен ертең елімізде азық-түлік тапшылығы сезілуі мүмкін

Өзімізден де бар, мойындайық. Бізде әлі де тобыр психологиясы басым. Түк көрмегендік, жұрттың өсегіне еру деген сияқты тобырлық психологиядан арыла қоймағанымыз өкінішті.
Бүгінгі дүкендерден түсірілген суреттерді көріп, соған анық көз жеткізіп отырмын.
Есіңізде ме, 2016 жылы Астанада «Макдональдс» ашылды. Сол күнгі кезекті көріп, төбе шашым тік тұрған. Таңғы сағат 5-тен кезекте тұрып, бір-бірін шаншып, басып кете жаздаған халықтың миында бір ғана код тұрды: ол бір түйір бутербродты аузына салу. Болды. Құлқынның қамы.
Мен «Қалаулымды» жасайтын адамдарды түсіндім. Олар тобыр психологиясын әбден меңгерген мамандар. «Қалаулымға» рейтинг беріп отырған да - сол тобыр. Олар Интернетте «Ойбай, «Қалаулымды» жабу керек, үйту керек, бүйту керек» - деп рухани маска киіп алып сөйлегенде, алдына жан салмайды. Ал, тығылып өзі «Қалаулымды» көреді. Ия, ия, тығылып көреді. Сөйтіп, жамандайды. Одан да «Ия, мен көремін» деп шындықты айт. Егер халық көрмесе «Қалаулым» рейтинг бермес еді. Ал, рейтинг бермесе, автоматты түрде өзінен өзі-ақ жабылып тынады.
Бүгін де сол тобыр дүкендерде, супермаркеттерде толып жүр. Ертең үйді бекітіп, есікті тарс жауып алатындай. Медициналық масканы да оптом алып, ертең екі есе бағасына сатуға дайындалып отырған да - сол тобыр. Қайғыдан бизнес жасап отырған алаяқтар елімізде өте көп екен. Бүгін көзім жетті.
Осындай надан тобырдың кесірінен ертең елімізде азық-түлік тапшылығы сезілуі мүмкін. Оу, 50 кг. қантты, 50 кг.күрішті не істейсің? 2-3 күннен кейін қап-қап продуктыйың сасып, бықсып кетпесіне кім кепіл?
Құдай бетін аулақ қылсын, біз ешнәрсеге дайын емес екенбіз. Сол 1932 жылғы ашаршылықтың қорқынышы қанымызға сіңіп кетіпті. Қиын. Құдай ақырын берсін.
Қытай философы Шан Янның мына сөзі есіме түсіп отыр: «Когда народ глуп, им легко управлять»
Ал, біз ақымақ болмауымыз керек. Ол үшін біз күні-түні оқуымыз керек. Бір кітаптың бетін ашпаған адамдар бар арамызда. Олар біреуге ақыл айтқысы келеді. Одан да оқиық, білім жинайық, сөз таластырып, уақытымызды текке кетірмейік, өсек айтпайық, ізденейік, алға талпынайық, шет тілдерін меңгерейік. Білгенімізді үйретейік, білімімізбен бөлісейік.
Сонда ғана біз мықты елдердің қатарына қосыла аламыз. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста