Көп адамдар ауызекі сөйлеуде СҮНДЕТТЕУ дегенді ПІШТІРУ деп айта салады...

***Көп адамдар ауызекі сөйлеуде СҮНДЕТТЕУ дегенді ПІШТІРУ деп айта салады. Бұл түбегейлі қате. СҮНДЕТТЕУ – ұл шүметейінің, (еркектің) күпегін ғана кесіп алып тастау, ЦИРКУМЦИЗИО (латынша), орыстар ОБРЕЗАНИЕ дейді.
**Ал, ПІШТІРУ -- екі енін кесіп, сылып алып тастау, немесе жыныстық бездердің функциясын препараттармен жойып жіберу. «КАСТРАЦИЯ» (латынша) = "ОСКОПЛЕНИЕ" (орысша) = "СТЕРИЛИЗАЦИЯ" (латынша) = Піштіру сөзінің синонимі -- тарттырып жіберу, кестіру). Бұл сөздердің бәрі жыныстық құштарлықты жойып жіберу, тұқым тарата алмайтын қылып, жыныстық қатынас жасай алмайтын етіп жіберу деген әркетті білдіреді. Бұқа -- ӨГІЗ болып, Айғыр -- АТ болып, Қошқар -- ІСЕК, Теке
-- СЕРКЕ болып шыға келеді.
Кастрация дегеніміз -- жыныстық бездерінің функциясын толық және қайтып қалыпқа келместей етіп жойып жіберу. Кастрация жасаудың әдістері : 1).химиялық препараттармен; 2). гормондармен; 3).радиациямен; 4).хирургиялық операциямен.
ПІШТІРІЛГЕН адам = ӘТЕК (қаз.) = КАСТРАТ, ЭВНУХ. (лат)
***CҮНДЕТ ТОЙҒА***
Күткен ұлы туғанда,
Шүметейін шүмекке салғанда,
Әкенің бәрі шаттанған.
Ұл шүметейі шолтиып
Шаптырып кеп қалғанда,
Әке жүрек жарылуға шақ қалған.
Насыбайын ұлының
Жар салғандай жалғанға,
Атқызып жұртқа мақтанған.
Сүндет тойды Ұлы той деп санасқан,
Қазақпен кім бар таласқан!
Шүметей тартып түшкіру
Тек қазаққа жарасқан.
Сүндетсіздер санамызды суарғандарын
Көре жүріп кіжініп қуарған жанмын.
Сүндеттелген ұлдарыңа өмір берші,
Ей, Тәңірім,
Тілеп жүрген бір арманым.
Шүметейлер қазақта көп дейсіңдер ме?
Арыстан Бапқа түнегендер жоқ дейсіңдер ме?
Сүндеттерің көбейсе көктейсіңдер де!
Ат шаптырып ауылға той жасатқан,
«әтпішаудан»
Айналып қана кетпейсіңдер ме!
Мухамбедия Ахмет-Төре
Фейсбуктегі парақшасынан





