Бізге қарағанда қытайдың қорқынышы басым...

Бізге қарағанда қытайдың  қорқынышы басым...

"Қытай бізге неге 56 зауыт салу керек? Алдымен неге бесеуін салмайды, мұның түбі құрдым" деп шулап жатырмыз. "Мен жапонның компанияларын әкелер едім" деп те қоямыз. Кел десек жапондар жетіп келе салатын секілді. Мұның бәрі көп нәрседен хабарымыздың жоқтығын көрсетеді. Көпшілігіміз қазірдің өзінде тек мұнай саласының өзінде қытайдың 22 компаниясы, басқа салаларда сегіз жүзден аса фирмалары жұмыс істеп жатқанын біле бермейміз, егер білсек 56 зауыт үшін шуламас едік. Тағы бір ескеретін маңызды нәрсе отыз жыл бойы қытай тауарларын тұтынып келеміз, олардан тауар келмей қалса, бағаның шарықтап кететінін жақсы білеміз және сол тауарға жұмсалған ақшаның бәрі қытайға құйылып жатқанын ескермейміз. Ақша елде қалу үшін өзімізде зауыттар көптеп салыну керек. Міне сол кезде жұмыссыздық та азаяды, доллардың бағасы да түседі, мемлекеттің қоржыны да толады және сырттан қарыз алу мәселесі де тоқтайды.
Қытай бізге инвестиция салу көрсеткіші бойынша бесінші орында тұр. Олар тек үкіметаралық келісімдермен және өзіміздің ірі компаниялармен ғана келісімшартқа отырып жұмыс істейді. Өйткені бізге қарағанда олардың қорқынышы басым. Еліміздегі экономикалық және саяси-әлеуметтік жағдайдың тұрақсыздығы, халықтың "қытай экспанциясына" деген қарсылығы, жұмыс қолы сәл арзандау болғанмен еңбек өнімділігінің төмендігі себепті т.б. жағдайлар олардың көбірек инвестиция салуына кедергі болып отыр. Сондықтан олар бізге қарағанда Бангладеш секілді елдерге есігін көбірек ашуда. Әлгі аталмыш 56 зауыттың қазір оншақтысы жұмыс істеп жатыр, қалғандарының құрылысы жүріп жатыр, кейбірі енді басталғалы жатыр. Көпшілігі еліміздің ірі компанияларымен бірлескен кәсіпорындар. Олар түгел іске қосылғанда жирма мыңнан аса адам жұмыспен қамтылады, жұмысшылар тоқсан пайыз жергілікті жерлерден тартылмақшы. Экономикалық тұрғыдан алғанда бұл бізге өте тиімді болмақ. Ал Жапония секілді елдер бізге келе қоймайды, себебі бізде еңбек өнімділігі төмен, алыс, тасымал қымбатқа түседі, теңізге шығу мүмкіндігі жоқ, т.б.
Бір кездері Қытай өздеріне зауыттардың көбірек салынуына барынша жағдай жасады, халқын озық технологияны меңгеруге үйретті және сол арқылы көтерілді. Осындай жағдайлардың куәсі болып отырып, неге зауыттардың салынуына қарсылық қыламыз. Өзіміз дінімізге, дәстүрімізге, берік болып, бірлігіміз мықты болса қытай бізге не істей алады. Ал енді мынау қытайқұл екен деп босқа шуламай мәселені ой елегінен өткізіп, салмақты пікір қосып көріңіздерші.

Нұртай Ерназар

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста