Байлықты төркініне тасыған әйелдей, туысына таратып берсе, сорың емей немене?

Байлықты төркініне тасыған әйелдей, туысына таратып берсе, сорың емей немене?

Көптен хабарсыз кеткен құрбыммен сөйлестім. Ол тұрмысқа шыққалы мен оған беймезгіл, қалаған уақытымда хабарласа алмайтын болғам. Өзі звондады. Іші толып қалыпты. «Мамаммен келіспей қалдым», деп бастады әңгімесін. «Күйеуге тигелі біраз болды ғой. Жағдайымызды өзің білесің. Әке-шешемнің төрт балаға әрі тартып, бері тартып жүретін жалақысы. Сол есіме түседі де, солай қарай тасимын. Қандай азық-түліктің ыңғайы келеді, соны жөнелтем де жатам. Олар да әбден дәніккен, қит етсе менен сұрайды. Тіпті «қызымыз бай жерге барды» дегенді санасына сіңіріп алған. Ол аздай, мен үшін де соларға беру – міндетіме айналып бара жатқандай. Күйеуімнің қолы ашық қой әрі ақкөңіл. Ештеңе демейді», деп бір басылды. Жолдасы жақсы табады. Үйінде адам да көп емес, артылып тұрғандықтан бергені болар дедім іштей. Ол: «Жақында төркіндеп бардым. Әкем төбемді көре сала ақша сұрады. Сенесің бе, қанша уақыттан бері енді барып тұрмын. Бөтен бір үйге бойым үйренді ме, қалай, қиын емес пе? Қиналып жүргем жоқ па? Жағдайым қалай, жалпы? Ол қызықтырмайды екен. Керегі – ақша. Содан кейін барып ойлана бастадым. Сол сәтте мамамның өмірі көз алыма келді. Ол да кезінде күреп табатын әкеме күйеуге шықты. Бар жер болатын. Нағашыларымыз нашар тұрды. Мама үйдің үлкені болғандықтан, артындағы бауырларын жетілдіремін деп үйдегі бар тамақты таситын. Аяғында өзіміз күн көре алмай қалдық. Ал нағашы үй кәдімгідей қолын ауызына жеткізіп алды. Осы ойыма оралып, бұлай болмайды дедім. Бірақ төркінің ғой, қиын. Балланс сұрап інім звондайды, көйлек кигісі келетін сіңілім соңымнан ереді, бізге ақшасы өткен адамдардың тойына баратын әке-шешем бар. Қалай қылам, білмеймін...», деді.
- Қалай қыласың, білмеймін. Бірақ саған бір әулеттің берекесі туралы әңгіме айтып берейін. Бала шақ. Кезекті құран оқытып жатқанбыз. Мен табақ тасып жүрмін. Шешем кішкентай табаққа қамырды алдымен салды да, жанындағы үстелге сырып қойды. Мен ұмтыла бергенде тоқтатып, ол табақтың өзімізге тиесілі екенін айтты. Себебін сұрадым. Сонда әжемнің әрекетінен алған сабағын сөз етті. Атам – алдына қора-қора түйе салып айдаған адам. Сиыр деген көп болыпты. Кейін Cырға көшіп келгенде қойды көбейткен. Жерге ыңғайлы болса керек. Бертін келе соның біреуі де қалмады. Неге? Әжем сен сияқты төркініне тасымаған. Бірақ бір нәрсені мойындайтын. Ол: «Шиеттей бала-шағасы бар, Пәленше көрші сүт сұратады. Аңғалдығым сонша, қорадан сауын шелегіммен асыратынмын. Есің болса, ырызық-несібе келген ыдысты біреуге берме. Қолың қанша ашық болса да, абай бол. Берекең қашады», деген екен шешеме.
Құрбым үнсіз қалды. Сәл үнсіздіктен кейін: «Мен алдымен төркініме бөліп алып қалуды ойлап тұрамын ғой», деді. «Күйеуің қанша жерден табысты болсын, оны ұқсататын – сен. Әрине, жақсы тұрсаң, өзіңнен артылып жатса, нанды қоқысқа тастағанша соған мұқтажға берген дұрыс. Алайда әр нәрсенің байыбы болады, жөні, шегі деген дүние бар. Қазір білінбейді, ертең балалы боласың. Оның жан-жақты дамығанын қалайсың. Бірақ сол сәтте берекеңді қашырып алғаныңа өкініп отырма», дедім.
Кей жағалы ағаларым: «Мен күреп табамын. Әйелім жаратады», деп кеуде кереді. Ал мен сондай ағаларымның үйіндегі жеңгеме іштей алғыс айтып отырамын. Өйткені, сексеннің алтауынан асып кеткен әжем бірдеңені білсе, ер адам қанша жерден ақша әкелсін, күреп тапсын, оның берекесін сақтайтын – әйел. Тіпті «Ақшаны өзім ұстаймын, азық-түлікті де өзім әкелемін. Бәрі – менің қолымда» дейтін ерлер де болуы мүмкін. Бірақ ырызық түсетін қазан-табақ, береке кіретін табалдырық – әйелдің қолында. Сондықтан қазақ о бастан бір әулетке ұйытқы болар келінді жұмыла жүріп таңдаған. Себебі берекені алып келетін ер оны ұстап отыратын әйелге сеніп тапсырады. Ал біз бір елдің басын құрайтын адамды екіге жарылып таңдағалы отырмыз. Сайлаудың алдында тұрмыз ғой. Бір әулет – бір ұлт. Бір отбасы – бір мемлекет. Байлықтың бәрі – халықтыкі. Ал оған егелік ететін – халық сеніп қойған адам. Ол байлықтың бәрін жөн-жосықсыз төркініне тасыған әйелдей, туған-туысына тартып берсе, сенгенің – сорың емей немене? Кейде шекарадан шыққан байлықты білгенде, сүтті сауын шелегімен қора асырған әжемнің әттеген-айы есіме түседі. Сөйтем де: «Байлығы онсыз да ортайып, түбі тесіліп барады ғой. Тек енді қазағымның берекесі қашып кетпесе екен» деп тұрамын.

Айдана Шотбайқызы
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста