Астында джип, басында 3 этаж үйі болса болды, сол адам “пайғамбар”

Астында джип, басында 3 этаж үйі болса болды, сол адам “пайғамбар”

Қазіргі адамдарға еш түсінбеймін.. Астында джип , басында 3 этаж үйі болса болды, сол адамды “ пайғамбар”, “Құдай” санап, табынып, сиынып, бала-шағасының қырқынан шығартып, тұсауын кестіріп, аузына түкіртіп әуре болып жүрген біреу… Сол табынып жүрген пендесінің артында тұрған байлығы қандай жолмен келгенінде шаруасы жоқ , сол үйінің ішінде табынып жүргендері жөндеп отырып , шүйіркелесіп шәйде ішпейтінімен істері жоқ …

 

…..Бір үйде жиюлы екен қазына мал,

Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:

«Бұрынғы атамызға сыйға берген,

Біздерде мынадай бар, мынадай бар!..»

 

Ол рас, аталарың шенге алыпты,

Арзан ғып, қымбат емес, кемге алыпты.

Апыр - ай қалай бұлдаған сатқандарын,

Оқа, түйме, сылдырлақ, теңге алыпты!

 

Суреттер және көрдім жүзі жарқын,

Ойладым: «Оңдырған - ау, баққан халқын».

Соншама құны толық бұлды түйме,

Артында қалдырмас па жақсы даңқын.

 

Дедім мен: «Құтты болсын шекпеніңіз,

Артқыға қандай егін еккеніңіз?

Жусақ та денемізден кетер емес,

Сондағы тұқым шашып сепкеніңіз».

 

Көргенде күміс кесе, алтын аяқ,

Бір сөзді тамағыма қойдым таяп.

«Қай момынның малы бар бұл аяқта?»

Демейінше болмады, қарап жай - ақ.

Отырдым көрсем жекіп тастар ма деп,

Шал айтты: «Көріңіздер жасқанба!» деп.

Кесені қолыма алып қарай бердім,

Ішінде нахақ көзден жас бар ма деп….

 

Ехххехеееей….

 

Р.S. “Менің оқырмандарым!” - деп сөйлейтін блогерсымақ таныстарымның бірі бүгін , оқырманым маған бөпесінің қырқынан шығарту үшін 3 ай күтті, қолым тимей бүгін барып шығарып бердім- деп, мақтанып тұр. Атаңа қоқи -ау, баланы 3 айдан соң қырқынан шығарып , тырнағын енді алса  , бейшара баланың тырнағы аюдың тырнағымен бірдей болғанды… солай, осындай “дана, періште” пенделердің тірлігіне табынып қырқынан шығаруда қалаған уақытында бола беретін болыпты…

 

Артыңда ,танымайтын адамға табынатын ессіз ұрпақ келе жатыр….

 

“Сырын білмеген аттың Сыртынан жүрме”- дегенді айтатын үлкендерде азайып кетті…

 

 

 

Қарақат Саурықтегі Сағатбекқызы

Фейсбуктегі парақшасынан

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста