Адамды табыс пен бақытқа жетелейтін жолды осы шақтан іздесең қателеспейсің...

Адамды табыс пен бақытқа жетелейтін жолды осы шақтан іздесең қателеспейсің...

ОСЫ ШАҚПЕН ӨМІР СҮР

Ой дегеніміз аққан су секілді. Жұмыр басты пенденің көкейіне үздіксіз келіп жататын сан алуан ойлар ағыны бір сәтке де толас таппайды. Ұйқыдан тұрғаннан бастап көзіміз ілінгенге дейін солай, үнемі ой шырмауында жүреміз. Сөйтіп ояу жүріп ұйықтағандай өмір сүреміз. Және сол ойларымыздың көбі өткен шақ пен болашаққа ғана қатысты екеніне мән бермейміз. Ал осы шақ, яғни дәл қазіргі сәт, болған мен боладының арасында елеусіз күйде қала береді, қала береді. Оған көңіл де бөлмейміз. Біздің ең басты қателігіміз міне осында. Өз-өзіңе риза болмау, іштей күйзелу, алаңдау, қобалжу, болашаққа күмәндану және өткен іске өкіну сияқты зиянды сезімдердің бәрі осыдан туындайды. Бұлар адамды іштей қажайды, жанын жүдетеді. Ертегідей ғажайыпты аңсау, үмітпен ғана таң атырып, кешті батыру... бұлайша қиналып амалсыз өмір сүрудің қызығынан шыжығы басым болатынын әркім өзіне қарап білер...
Бұдан шығудың бір ғана жолы бар. Ол – дәл осы шақпен өмір сүру.
Әрине қай жолды таңдау әркімнің өз еркінде. Егер үйреншікті әдетіңнен жаңылмай бітпейтін ойдың ырқына бағынсаң, онда зулаған өмір ағысы асау өзен секілді әп-сәтте өзінің иіріміне тартып әкетеді де, әр қилы оқиғалар мен сезімдерге арбалып, күнделікті күйбең тірлікпен жүре бересің. Оның шеті мен шегі болмайды.
Ал егер осы шақпен өмір сүруді қаласаң, онда қайнаған өмір ағысын төменде қалдырып, биік құздың басына көтерілесің. Зулаған өмір-өзеннің барлық иірімдері мен қалтарыстары, сол ортада жүргенде алдын ала болжай алмайтын кедергілері мен қиыншылықтары сонда саған анық көрінетін болады. Ояну дегеніміз міне осы. Өзімізді алдап толыққанды өмір санап жүрген, күдік пен үміттен құралған елес-тірліктің шынайы болмысын тек солай ғана көре аласың. Міне сондықтан өмірдегі барлық жайттардың шешімін, адамды табыс пен бақытқа жетелейтін шынайы жолды осы шақтан іздесең қателеспейсің деп ойлаймын. Өйткені дәл осы шағыңды шынайы сезінгенде ғана күмәнді ойлар мен ішкі күйзелістен арыласың, жаның жай тауып, өз-өзіңе деген сенім пайда болады.

Мұрат Мұқаш

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста