Астанада Алашорда аллеясы бой көтерсе...

Астанада Алашорда аллеясы бой көтерсе...

Астана – еліміздің байтағы ғана емес, айбынды мемлекеттігіміздің бет-бейнесі, даңқты өткен тарихымыздың шежіресі. Жас елордамыз тарих-уақыт-кеңістік өлшемдерін тоғыстырып тұрар, сырт көзді тамсандырар, жұртымызды рухтандырар асқақ тарихи ескерткіш, ұлттық нақыштағы тамаша архитектуралық нысандармен, мазмұнға бай саябақ-аллеялармен айшықталып тұруы тиіс. Париж десе, талай француз корольдерінің резиденциясы болған Версаль сарайы, ұлы француз революциясының бесігі болған Бастилия бекінісі еске түседі. Мәскеу барсаңыз, Ресейдің ұлылығын паш ететін, қазіргі билік құрылымдары қоныс тепкен 27,7 га аумақты жайлап жатқан Кремль қасқайып қарсы алады. Римге жолы түскен адам көне империяның көзіндей Колизей мен Капитолийге соқпай кетпейді. Жас Астана ежелгі архитектуралық тарихи-мәдени ескерткіштерге бай болмаса да, жаңадан өткен мен бүгінді сабақтастырар нысандар, әсіресе, Алашорда аллеясы немесе кешенді мемориалдық саябағы бой көтерсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Әлбетте, Астанада қазақ мемлекеттілігінің тарихын паш ететін «Қазақ елі» монументі, өзге де тарихи тұлғаларға арналған ескерткіштер бар. «Күлтегін» ескерткішінің көшірмесі, Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіштері орнаған елордаға мемориалды кешен не аллея арқылы ұлттық ренессанс туғызған Алашорда рухын қайта оралтсақ, исі қазақты біріктіруші қасиетті шаһарға айналуына сеп болар едік. Әзірге кешенге де, аллея дегенге де ұяттымыз. Мұхиттың ар жағындағы Вашингтонда орыс жазушыларының аллеясы ойып тұрып орын алғаны – Ресей жұртының отансүйгіштігінің айғағы. Осыдан үш жыл бұрын Қарағандыда еліміздің Жұлдыздар аллеясы ашылғаны мәлім. Кенді мекенде кіндік қаны тамған Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейхановқа бірде-бір ескерткіш тұрғызылған жоқ. Алаш аллеясы дегенде, тек былтырлары күнбатыс алашорданың орталығы болған Жымпитыда Алашорда жетекшілеріне ескерткіш-аллея ашылғаны еске түседі. Сталиндік жаппай қуғын-сүргін ХХ ғасырдағы ұлттық ренессансты жөргегінде тұншықтырды, Алаш арыстарын үрім-бұтағымен қоса жойып жіберді. Тарихымыздың жарқын һәм трагедиялық парақтары болып қалған Алаш пассионарлық құбылысының жарқылы Тәуелсіздікке сара жол салды, ұлт ретінде ұйысуымызға негіз қалады. Өз тілі мен ұлтына өгей қарайтын шен-шекпенділеріміз үшін елін сүйген Алашорда қайраткерлері нағыз бренд емес пе? Кезінде Ресейдің ең озық оқу орындарын бітіріп, әлемдік деңгейдегі саясаткер һәм интеллигенттермен иық тірестіретін потенциалға ие болған Әлихан Бөкейханов, Бақытжан Қаратаев, Бақыткерей Құлманов, Ахмет Бірімжанов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Жаһанша Сейдалин, Барлыбек Сыртанов, Айдархан Тұрлыбаев, Жанша Досмұхамедов, Халел Досмұхамедов, Мұстафа Шоқай, Жақып Ақбаев, Халел Ғаббасов, Райымжан Мәрсеков, Санжар Асфендиаров, Мұхаметжан Тынышпаев, Шафқат Бекмұхамедов,Иса Қашқынбаев, Отыншы Әлжановтардың еңселі ескерткіштері бой көтеріп, Алашорда аллеясы ашылса, Астанамыздың, еліміздің мақтанышына айналып, ұлт бойында әлі де бұғып жатқан руханият қауызын жарып шығар ма еді. Осынау мақсатты жүзеге асыру сіз бен біздің перзенттік парызымыз, әзиз Алаш баласы!

Бір пікір
Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ,
филология ғылымының докторы, профессор:
– «Алаш айнасы» газетінің көтеріп отырғаны – өте дұрыс бастама. Жалпы, Астанада Алаш қайраткерлеріне ескерткіш қою мәселесін көтеріп, 2007 жылдың аяғында «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының атынан Елбасының атына хат жолдаған болатынбыз. Елбасы бұған қолдау білдірді. Осыған байланысты даярлық жұмыстары басталып, 2008 жылы ескерткіш орнатылады деген ойда болдық. Осы жөнінде мүсінші мамандармен ақылдасып, Алаш зиялылары Шоқан, Абай, Ыбырай сияқты жеке-дара көрінген жоқ, тұтас бір шоғыр топ болды, оның эскизінде кемінде тоғыз адам болса, бәрі ортақ идея, мақсат-мұратты айқындап тұрса деген ұсыныс білдірдік. Алайда әлі күнге дейін бұл бастама кешеуілдеп келеді. Астанаға келген-кеткен шетелдіктер, елорданың мәдени-ғылыми зиялы қауымы Есілдің сол жағалауында үлкен аллеяда Алаш қайраткерлеріне ескерткіш орнатылғанын қалайды. Жаңа мемлекеттілігіміздің, демократиялық ізденістердің бастауында Алаш зиялылары тұр, бұл – дәлелденген ақиқат.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста