Жүн-жұрқаны қашан кәдеге жаратамыз?

Жүн-жұрқаны қашан кәдеге жаратамыз?

Ата-бабаларымыз қаншама жылдардан бері төсеніш етіп келген киізді қазір емге таппайсыз деуге болады. Алыс ауылдарда, бірді-екілі қойшылардың қоныстарынан көріп қалуға болар. Негізінен киізді баяғыда-ақ қолданыстан шығарып тастағанбыз. Шаң тұтады, күйе түсіреді деген сияқты мың сан сылтауы бар. Бала кезімізде киіз басу деген біз үшін той болатын. Ауылдың бүкіл апа-әжелері жиылып, текеметке түр салатын. Қазақтың қошқар мүйіз деген оюы бар екенін бағамдағанымыз да сол шақ. Түрлі-түсті жүндерден әлеміштеп ою салып болған соң, ыстық су құйып, киізді тепкілеу біз сияқты бала-шағаның еншісіне тиюші еді... Қазір ауылға анда-санда аяқ басқанымда «Киіз басып жатқандар бар ма,өзі?» деп сұрау салып қоятыным бар. Жауап біреу.  «Жоқ» деген.
Киіз басу деген менің балалық шаққа деген сағынышымның сары тап белгісіндей сағым болып қалған... Киіз басып жатқанда көнекөз әжелеріміз «киіз жарықтық, көп аурудың алдын алуға сеп. Бел ауруы, аяқ, қол қақсағанды басады» деп айтып отырушы еді. Одан беріде қан тоқтамағанда киізді отқа күйдіріп басатынын әдебиеттен оқып білдік емес пе? Бүгінде құяң, ревматизм дегендерің өршіп тұр. Апаларымыз айтпақшы расында киіздің де киесі бар ма екен, осы?  Бүгінде киізді керек қылып жатқан жан табылмастай. Қойшы қауым жүнді қайда өткізерін білмей дал. Мәнісін білетіндер жүннен пима басады, әскерилердің шинельін тігеді, одан қалса алыс жолға шығатын «Камаз» жүк көлігінің иелері киіз сатып алады. Жүк көлігінің қорабын қымтау үшін. Жеміс-жидегін, көкөнісін үсітіп алмау үшін. Жуырда ғана алыс жолға жүк тасымалдайтын жүргізушілер бүкіл Шымкент пен Тараздың базарларын аралап бір киіз де таба алмапты. Сөйтіп Ташкент шаһарына барып бір данасын 1 500 теңгеден сатып алыпты. Ал, бұрындары ауылда марқұмдардың денесін орауға киізді жаратушы еді. Бүгінде енді киіздің орнына кілемді пайдаланып жүр. Ондай киіздерге ою салып не қажет? Қап-қара киіз болса жетіп жатыр. Ілуде бір қолөнер шеберлері бетін ою өрнекпен көмкеріп қазақы дүние шығару үшін аппақ ақ жүннен киіз бастырып алады. Онда да киіз басу технологиясын білетін біреу таба алса. Ақ жүннен басылғанын киіз үй жабдығына ғана алады. Одан басқа бұл салада «өлі тыныштық» деуге болады. Анда-санда базарлардан ою-өрнек салынған киізді көріп қалушы едік. Қазір ол да көзден бұл-бұл ұшты. Себебі түсінікті де. Сұраныс болмағаннан кейін ауыр да азапты жұмыс - киізді кім баса қойсын? Киізден бөлек жүн-жұрқаның басқа да салаларға қажеттігін неге тиімді пайдалана алмай жүрміз, осы?! Жүн шаруашылығының осыншама құлдырап кетуінің сырына үңіліп көрсек. Ауыл-ауылды аралап жүн-жұрқа жинайтын бақалшы бауырларымыздың қарасы да сирек көрінетін болған бүгінде. Себебі, баға түсіп кеткен. Ауылдағы ағайын арзан бағаға бергісі жоқ. Бір жыл сақтап, күйе түсіріп алған соң, ауыл шетіндегі қоқысханада тау-тау болып үйіліп жатқаны қаншама. Мал мамандарының айтуынша жүннің де неше түрі бар. Бірақ алармандар оның бәрін бір бағаға сатып алады. Мәселен, биязы жүн, қылшықты жүн, жартылай қылшықты жүндердің сатып алу бағалары бірдей. Негізінде биязы жүн қымбат болуы керек. Киіз бен пималық жүндер де болады. Кілем тоқитын жүн тіптен бөлек. Соған қарамастан бәрі бір бағада. Бүгінде 1 келі жүнді 10 теңгеден қабылдайды. Ары кетсе 20 теңгеден аспайды. Бұл баға жаздың аптап ыстығы мен қыстың қақаған суығында қой соңында салпақтаған қойшының еңбегін ақтайды ма? Бір қойдан ең кемі 1,5-2 келідей ғана жүн алынады. Бұл нарықты шетелдіктер орнықтырып отыр. Өйткені қазір жүнді солардан басқа ешкім сатып алмайды. Биязы жүннің бағасын 100 теңге деп белгілеген күннің өзінде де бұл тиімсіз баға. Мақтаның өңделмеген талшығының құнынан да төмен. Біздің елдегі мал шаруашылығының олқылықтарын зерттеп, біліп отырған шетелдіктер бағаны мүлдем түсіріп жіберді. «Берсең осы баға, бермесең өзің біл» саясатын ұстанғандардың асығы алшысынан түсіп тұр. Далаға тастағанша деп малшы байғұс амал жоқ көнуге мәжбүр. Кеңес Одағы кезінде майда-шүйде болып көрінетін жүннің де мемлекеттік өлшемі (ГОСТ) болатын. Оның бәрі реттеліп отыратын. Мәселен, мақта бағасын Ливерпульдегі мақта Ассоциациясының  Оутлут деген мекемесі реттеп отырады. Ал, жүн бағасы назардан тыс қалған. Бұрындары тіпті халықаралық өлшемдері де болатын. Бағаларымен қоса...
Мамандар қай уақытта да жүннің мақтадан қымбат екенін біледі. Өкінішке орай, қазақстандық шикізат сатушылар шетелдіктердің қамбасының молаюына жұмыс істеп отыр. Жатжерліктердің қаншама байлыққа кенеліп жатқаны құпия. Әйтпесе алмас еді ғой.
Мал өнімдері қай кезде де сұраныстан шыққан емес. Өкініштісі оның жүні де, терісі де өзімізді киім, аяқ киіммен қамтамасыз етіп отырған Қытай, Түркия елдерінен қымбатқа айналып келіп жатыр. Киіз баспай-ақ қояйық, бірақ биязы жүнді кәдеге жаратуға болады емес пе? Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрлігі осы мәселеде ұтылып отырған ауылдағы өнім өндірушілердің тілегін ескеріп, Үкіметке пәрменді шара қолдау туралы  мәселе қойса дұрыс болар еді. Өйткені, жүн, тері шикізаттарды сатып алу, сату бағасын белгілеп, нарықтағы алақұлалықты ретке келтіретін кез келді...
Алақандай ақпарат
Бұрынғы одақ ыдырағаннан кейінгі уақытта Қазақстанда ұсақ мүйізді мал басы 35,7 миллионнан 9,5 миллионға дейін кеміп кеткен. Оның үстіне малдың 80 пайыздан астамы толық мәнінде малды асылдандырумен айналысуға мүмкіндігі жоқ ұсақ шаруа қожалықтарының еншісінде. Соның салдарынан 15 миллион биязы жүнді қой басы алты еседен астамға азайған. Елімізде бүгінде биязы жүн өндіру өндірісі 1990 жылдармен салыстырғанда 8,4 пайызға төмендеп, бүгінде 7,3 мың тоннаға құлдыраған. Асыл тұқымды қойдың жалпы саны 904,1 мың бас болса, оның 26 пайызы ғана биязы жүнді қой.
Арман-Қиял
Осы салада тер төгіп жүрген мамандардың есептеулерінше егер, биязы жүн өндірісін өркендетуді мақсат етіп отырған инвестициялық жоба жүзеге асырылса биязы жүнді қой санын 18,5 пайыздан 35 пайызға дейін арттыруға болады. Жобаға 5770 миллион теңге қарастырылса, 4500 миллион теңгесіне қазақ және австралиялық меринос тұқымды тоқтылардың 324 мың басы сатып алынуы керек. Шұғыл қырқым пункттері жүйесін ұйымдастыруға 120 миллион теңге, биязы жүнді алғашқы өңдеуден өткізу бойынша желілерді іске қосуға 650 миллион теңге бөлінуі тиіс. Тағы 500 миллион теңге жүн сатып алуға жұмсалуы керек. Егер осы айтылғандар жүзеге асса, 2015 жылы әлемдік жүн өндірісінде біздің ел де жетекші орындардың бірін иеленеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста