Тай елінің мәдениеті – оңтүстік астанада

Тай елінің мәдениеті – оңтүстік астанада

Таиланд патшалығында болған әрбір қазақстандық тай тағамдарының тіл үйірер құдіретін біледі. Дәл осы отандастарыңыз секілді дәстүрлі карри, чили бұрышы, галангар соустары және күріш пен кеспеден жасалған нағыз ұлттық тай тағамдарының дәмін тату мүмкіндігі сізге де бұйырып тұр. Ол үшін бар болғаны Алматыдағы халықаралық Rixos Almaty қонақ­үйінің Brasserie мейрамханасына бас сұқсаңыз болғаны.

Өткен жұма күні оңтүстік астанада «Эйр Астана» АҚ Ұлттық әуе компания­сы, халықаралық Rixos Almaty қонақ­үйі және Таиланд Патшалығының ҚР Құрметті консулдығының ұйытқы болуымен тай тағамдарының фестивалі басталды. Қыркүйектің 17-сіне дейін созылатын апталық барысында тағам талғампаздарына арнайы шақырылған Таиланд патшалығының жоғары сыныпты аспаздарының қолынан шыққан таңдаулы тай тағамдарының дәмін татуға мүмкіндік туып тұр. Ұлттық тағамдардың жүздеген түрі ұсынылатын байқауда дәстүрлі теңіз өнімдері мен құс етінен жасалған өнімдерді ғана емес, тіпті кокос сүті мен акуланың жүзбе қанатынан дайындалған сорпаны да кездестіруге болады. Ұйымдастырушылардың фес­тивальді нағыз тай ұлтына тән сипатта өтуіне атсалысқаны соншалық, тіпті Brasserie мейрамханасын әсем ән мен тәтті күйге бөлейтін әртістердің өзін арнайы Бангкоктен шақыртыпты. Бай­қауға қатысушы қала тұрғындары мен қо­нақтары тек тай асханасынан дәм ауыз тиіп қана қоймай, ұлттық әуе тасымалдаушысы арнайы әзірлеген лотерея ойынына қатыса алатынын да айта кетуіміз керек. «Эйр Астана» АҚ әуе компаниясының лотерея ойынының бас жеңімпазы Бангкокке дейін тегін ұшып қана қоймай, Бангкок және Патайедегі бес жұлдызды қонақүйде тұру мүмкіндігіне де ие болмақ.

Питер ФОСТЕР, «Эйр Астана» АҚ Ұлттық әуе компаниясының президенті:
– Әр алуан экзотикалық салт-дәстүрге бай күнгейлі Таиландтың қазақстандықтардың сүйікті демалыс орындарының бірі екеніне күмә­нім жоқ. «Боинг-757» әуе көлігімен жазғы маусымда аптасына үш рет, ал қыста төрт рет ұшуды жүзеге асыратын ұлттық әуе компаниясы­ның ұжымы өз жолаушыларын тай елінің таңға­жайып мерекесінің куәсі еткенін әрқашан мақтан тұтады. Ал халықаралық Rixos Almaty қонақ­үйі және Таи­ланд патшалығының ҚР Құрметті консулдығымен бір­лесіп өткізген мына шараның ар­қасында ертегідегідей ғажай­ып тай елі­нің асханасы, музы­касы мен мәде­ние­тімен алысқа бар­май-ақ танысуға болады.

Анықтама:
Таиланд астанасына арнайы рейс ашылған жеті жыл ішінде «Эйр Астана» АҚ Ұлттық әуе компаниясы 1342 ұшуды жүзеге асырды. 2003 жылғы 26 қазаннан бүгінге дейін 169 858 жолаушы және 1 миллион 462 мың 635 тонна жүк тасымалданған. Алматыдан Бангкокке дейін ұшу ұзақтығы 7 сағат 20 минутты құраса, керісінше Бангкоктен Алматыға дейін ұшақ 7 сағат 50 минут әуеде болады. Таиландтың мәдениет және кәсіпкерлік орталығы – экзотикалық Бангкок қаласына ұшу аптасына үш рет, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері жүзеге асырылады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста