Ресей жанар-жағармай тасымалы шартын күрделендіріп барады

Ресей жанар-жағармай тасымалы шартын күрделендіріп барады

Еліміз тағы да сапалы жанар-жағармай тапшылығына бой ұруы мүмкін. Өйткені таяуда Мәскеуде өткен Шекарааралық аймақтар форумында Қазақстан мен Ресей Федерациясы мұнай өнімдері нарығы қызметіндегі екі тараптың мүддесі бойынша оң шешімге келе алмады...
Еске сала кетелік, Кеден одағы мен Бірың­ғай экономикалық кеңістік аясында­ғы жалпы келісімдерден мұнай мен газ сала­­сы жырақтатылып, жеке-дара қарас­ты­ры­латын болып шешілген. Соның нәти­же­сінде бүгінгі таңда аталған ұйым ішінде екіжақты келісімдер түзілген: Ресей мен Қазақстан, Ресей мен Беларусь дегендей. Өз кезегінде Қазақстан мұнай және мұнай өнімдері сауда-саттығын бажсыз режимде жүргізуді ұсынады, алайда Ресей одан ат-тонын ала қашып отыр, өйткені солтүстік көршіміздің бюджеті ортайып қалады-мыс. Ресми Мәс­кеудің пікірінше, Қазақ­стан­ға баж салы­ғын­сыз тасымалдан Ресей бюд­жеті мұнай өнімдері бойынша 500 млн долларын, мұнай бойынша 2,4 млрд долларын жоғал­татын көрінеді. Ақыры тараптар өткен жылдың қыркүйек айында мұнай өнімдері бойынша айырманы ар­на­йы әдістемемен, есебі түзілген қазақстан­дық мұнай тасымалымен жабуды көздей­тін шартқа қол қойысқан: біріншіден, 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін барлық мұ­най өнімдері баж салығымен тасымал­да­нады, екіншіден, баж салығы арнайы әдіс­­теме бойынша төленеді, үшіншіден, бұл әдіс­теме бойынша ресейлік бюджеттің жо­ғалт­қаны 1,3-1,5 млн тонна қазақстан­дық мұ­найдың тасымалдануы арқылы өтелуі тиіс.
Өткен апта соңында Мәскеуде болған Шекарааралық аймақтар форумында қазақ­стандық делегация мұнай және мұ­най өнімдері нарығы қызметінің осы бүгін­гі тәртібін тағы да бір жылға ұзартуды сұ­раған еді. Алайда Ресей Федерациясы бұл ұсынысты қолдамапты. Демек, мұндай жағдайда Қазақстанға биыл мамырдан қараша айына дейін Ресей бензині тасы­ма­лына енгізген шектеуін тағы да қолда­нуы­на тура келетін секілді. Ал бұл шектеу неге енгізілді?..
Ши дисконттан шыққан...
Ресейлік бензиннің импортына шектеу қою шарасы Қазақстан үкіметімен жыл басынан бері қарай қызу талқыланған, бірақ шешім сәуір айында шыққан. Үкімет басшысы Серік Ахметов, ең алдымен, елімізге мұнай өнімдерін тасымалдаушы­лар құқығын белгіледі: «ҚазМұнайгаз» АҚ (маусым айынан бастап желтоқсанға дейінгі квотасы – 325 мың тонна) және екі трейдер – «Петролеум Оперейтинг» және Petro­sun ( әрқайсысы 162,5 мың тонна­дан), әрине, бұлардың қатарына «Газпром нефть» те енеді. Ал осыған дейін бензин тікелей «Газпром нефтпен» тасымалданып келген. Ресейлік монополист компания елімізге 2012 жылы 550 мың тонна ашық мұ­най өнімдерін импорттаған. Аталған ком­панияның елімізде 40 бензин құюшы стан­сысы бар екен. Сонымен қатар нары­ғы­мызда «Башнефть» және бірнеше ре­сей­лік шағын компаниялар болған. Міне, бірінші кезекте осылардың көзі жойылды. Екіншіден, баж салығы арнайы әдістеме­мен есептеліп, ол мұнай түрінде өтелетін болып шешілді. Үшіншіден, өзіміз де көп шы­ғынға батпас үшін (бензин орнына арзан­ға мұнай көп бермес үшін) ресейлік жанар-жағармай көлеміне арнайы шектеу енгізілетін болған.
«Расында, бастапқы келісімшартта біз мұнайды бажсыз тасымалдауға уағдалас­қан­быз, мұндай жағдайда Ресей Федера­ция­сы 2,4 млрд долларды жоғалтады екен. Енді осы шығынды өтеу мәселесі туын­дады. Содан ақшаны біздің бюджеттен Ресейдің бюджетіне аударамыз дестік. 2010 жылдан бері қарай екі жыл бойына келісім процесі кезіндегі уақыттың басым бөлігі қанша ақша, қандай номенклатура бойынша өтелетіндігін даулаумен келдік. Мысалы, осындай тауарлар тобына көмір де кіріп кеткен кез болды. Ақыры мұндай талқылаулардың нәтижесі өткен жылы Павлодарда қол қойысқан өзгерістер туралы қаулыны қабылдауға әкелді. Онда біз бюджетімізге тиіспеу керектігін, ал оның орнына Ресейге мұнай тасымалын жасауды ұсынғанбыз, онда да тегін емес, арзандау ақыға. Өз атынан бұл мұнайды ары қарай тасымалдаған Ресей Федера­цияс­ы экспорт салығы арқылы бюджет шы­ғынын жаба алады» деп мәлімдеген Сауат Мыңбаев ҚР Парламенті алдындағы есебінде. Бірақ өз кезегінде Ресей біз ұсын­ған мұнайды аса арзанға алғысы келе­тіндігін айтқан. Қазақстан еріксіз шектеу шараларын қолға алды.
Сол кездегі вице-премьер Қайрат Келім­бетов: «Павлодар МӨЗ-і мұнайды Жерорта теңізінен алдыртып жатқандай бағада сатып алады, ал өз кезегінде ресейліктер бізден мұнайды дисконтпен алғысы келеді» деп мәлімдеген еді. Сауат Мыңбаевтың айтуынша, екі тараптың да мазасын қашырған осы дисконт көлемі екен. «Қалай дегенмен де біз аса жеңілдік­ке еш келіспейміз», – деп мәлімдеген ол.
Ресей бензиніне неге қарап қалдық?..
Мамандардың айтуынша, Қазақстанда мұнай өнімдері нарығында тапшылық бар, ол алда да орын ала береді. Мұндай жағ­дай 2016 жылға дейін сақталуы мүмкін, яғни Павлодар мен Шымкент мұнай өң­деу­ші зауыттары қайта жаңартудан өткенге дейін.
Жалпы, Ресейден Павлодар мұнай өң­деу­ші зауытына жылына шамамен 6 млн тонна мұнай, 1,5 млн тонна мұнай өнімдері та­­­сымалданады екен. Бұл көлем Қазақ­стан­ның ішкі нарығының 40 пайыз тап­шы­лығын жауып отыр. Алайда Ресей өз мүддесін күйттеп, тиімсіз шарттарды алға тартуда ығырымызды шығаруда. Аталған мәселені шешу үшін Қазақстан Қытаймен келісімге отырған толлинг схемасымен өңдеп қайта жөнелтуі үшін оларға біз жылына 1 млн тонна мұнай айдаймыз. Бірақ бұл да мәселені шеше алмай отыр. Себебі Павлодар мұнай өңдеуші зауыты технологиялық жағынан тек Сібірдің жеңіл мұнайын өңдеуге негізделген, ал онда өз мұнайымызды өңдеу үшін модернизация қажет. Сондай-ақ Павлодарға Сібірдің кен орнынан тікелей арнайы құбыр тартылған. Сондықтан зауыт толық қуатымен еш кідіріссіз жұмыс істеуге қауқарлы. Ал өз мұнайымызды өңдеуде бұл мүмкіндік шектеледі. Жылына 7 млн тонна мұнайды еліміздің батысынан солтүстігіне темір­жолмен тасымалдау қиынның қиыны бола­йын деп тұр.

Бір пікір
Валентин Макалкин, экономика сарапшысы:
– Ешкім өзіне зиян келтіретін шарт­ты қабылдағысы келмейді. Нарық­та­ғылар нағыз өзімшілдер, олардың еркіне берсеңіз, кез келген оқиғаны тиек етіп, бағаны шарықтата береді. Де­мек, мемлекет жанар-жағармай бағасы­на араласуы керек. Арадағы дел­далдарды жоюы қажет. Өз мүмкін­діг­іне қарауы тиіс. Көрпесіне қарай көсілуі керек. Шектеу енгізсек, онда Ресей жанар-жағармайынсыз өмір сүру­ге болады. Ал шектеу енгізе алма­сақ, онда біздің әл­сіздігіміз, яғни ол ішкі салалық мәсе­лелерге түбегейлі бет бұра­тын кез жеткенін хабар­лау­шы қоңырау.

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК
Мамыр айындағы тыйымға дейін Ресейден Қазақстанға жылына 1,3 млн тонна мұнай өнімдері тасымалданған, оның 550 мың тоннасы елімізде белсенді жұмыс істеп жатқан «Газпром нефттің» еншісіне тиесілі, ал қалғандары делдалдардың үлесінде, оның ішінде «Гелиос» ЖШС да бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста