Қытай инвесторлары Түркістан облысына мақта егуге ниетті
Бұл жөнінде өңір басшысы Дархан Сатыбалдының қытайлық компанияның жетекшілерімен кездесуі кезінде белгілі болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Қазір бұл инвесторлар көрші Өзбекстанда бірқатар ірі жобаларды сәтті жүзеге асырып жатыр.
Ал Түркістанда жүзеге асатын жобаның құны 46 млн доллар төңірегінде.
Мақта өсіруде қытайлық заманауи технологиялар енгізілетін болады. Мамандар бұл ақ алтынның өндірісін едәуір арттыруға сеп болады деп отыр.
Бүгін тараптар мақта егуге арналған жер бөлу мәселесін талқылап, келісім жасады.
Сонымен қатар қытайлық компания Түркістан облысында былғары өңдеу және ірі қара мал қалдықтарынан желатин өндіретін зауыт салуға да дайын. Бұл бизнес-жоспардың құны 10 млн АҚШ доллары.
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ, Түркістан облысының әкімі:
- Біз сіздер бастаған Сырдария облысында бастаған жұмыстарыңызбен жеке барып таныстым. Барлық сол жердегі өндірісін барлығын қарап, танысып шыққам. Осы сіздермен біз әрі қарай жобаларды іске асырып, жұмыс істесек сол екі елдің қарым-қатынасына үлес болады.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz