«Қорғас» кеден бекеті 12 сағаттық жұмыс тәртібіне көшті

«Қорғас» кеден бекеті 12 сағаттық жұмыс тәртібіне көшті

Қазақстан мен ҚХР шекарасын байланыстыратын «Қорғас» кеден бекеті 1 сәуірден бастап 12 сағаттық жұмыс тәртібіне көшеді. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мамандардың сөзіне қарағанда, бұл тек сынақ түрінде енгізіліп отыр. Егер сынақ жақсы нәтижелер көрсететін болса, тек «Қорғас» қана емес, Алматы облысындағы барлық кеден бекеттері осындай тәртіпке ауысады. Мұндай бастаманы қолға алуды Қытай тарапы ұсынған көрінеді. «Жұмыс уақыты таңғы 08.00-ден  кешкі 20.00-ге дейін жалғасады. Яғни бекет 12 сағат бойы үздіксіз жұмыс істейді. Әрине, мұндай шешім тиімді нәтиже береді деген ой­дамыз. Жұмысшылар да, техникалар да жеткілікті», – дейді Алматы облысы бойын­ша кедендік бақылау департа­ментінің мамандары. Айта кету керек, бұл жайлы жуырда көлік тасымалдау ұлттық нарығын және отандық тасымал­даушы­лардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесіне арналған жиында Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің өкілдері сөз етті.
Құрманбек АРТЫҚБАЕВ, Алматы облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің бастығы:
– Бұл – екі елдің тауар айналымын жақсартып, жұмыс қарқынын, сапасын арттыру үшін қабылданған шешім. Жаңа тәртіпті біз сынақ түрінде енгізіп отырмыз. Бірақ болашақта оның нәтижесін көреміз деген ойдамыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста