Ортақ валютаға енсек, ұлттық валютамыз қандай рөл атқарады?

Ортақ валютаға енсек, ұлттық валютамыз қандай рөл атқарады?

Қазір қандай да бір елдің АҚШ валютасына тәуелді болудың экономикалық тұрғыда оншалықты опа бермейтіні жиі айтылып жүр. Халықаралық сарапшылардың дені әр мемлекеттің өзіндік ұлттық қоры, қазынасы сенімді сақталуы үшін жалпыға бірдей жаңа ортақ валюта қажеттігін нақтылауда. Сарапшылар бас қоса қалған кезде үнемі сараланатын бұл мәселе біз үшін де өзекті бола түсуде. Нақ қазір мамандардың бір парасы «Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) аясында ортақ валюта енгізуге экономикалық тұрғыда дайын емеспіз» деп пікір өрбітсе, келесі бір мамандар «АҚШ ұлттық валютасын мүлде құнсыздандырып жіберді. Ал оның құнсыздануы баршаға зиянды болатыны сөзсіз. Сондықтан жаңа аймақтық ортақ валютаны өндіріске енгізудің басты қажеттілігі осыдан туындайды» дегенді алға тартуда. Ал бәрінен де қарапайым көпшілікті алаңдатып отырған дүние, «ортақ валютаға енсек, ұлттық валютамыз қандай рөл атқарады» деген сауал. Осыны ескерген Алаш айнасы бүгін ортақ валюта мәселесіне қатысты жұрттың көкейінде жүрген біраз ойларға жауап іздеп көрмек болды.
Егер бұл мәселенің тереңіне үңіліп таразылар болсақ, ұлттық қорларымыздағы қазынамыз босқа құнсызданбауы үшін де ортақ валюта бізге қажет. Бұл ерте ме, кеш пе болуы тиіс нәрсе. Өздеріңіз білесіздер, АҚШ-тың қаржы жүйесі қазірде әлемдік айналымға ешқандай құндылықпен қамтамасыз етілмеген 500 триллионнан астам доллар шығарып жібергені туралы дерек бар. Рас, мұндай құнсыз қаржыны бірден айналымнан шығару мүмкін емес. "Сондықтан да оның бір бөлігін аймақтық ортақ валюталар алмастырып, осы арқылы доллар құнын мейлінше түсіруді ойластырған жөн. Жалпы, интеграциялық үдеріс жеделдеуі үшін де ортақ валюта қажет" дейді мамандар.
Мейрам Қабдрахманұлы, экономист-сарапшы:
- Біздің Еуразиялық экономикалық одақ жағдайында бір-бірімізбен доллар арқылы есеп айырысып жатудың қажеті жоқ. Міне, сондықтан да бізге үш мемлекетке теңдей қызмет ететін ортақ валюта қажет. Қазірде ұлттық қорымыздың 60 пайызы доллармен жинақталып отыр. Осыған орай айтарым – әр мемлекеттің ұлттық қорларында ортақ валютаның ең кемі 25 пайыздық үлеске ие болса, нағыз жетістік сол болар еді. Негізінде, ортақ валютаны айналымға шығару мүлде қиынға түспейді. Әр мемлекет өзінің Ұлттық қорларындағы доллар массасының үлесін азайтып, оның орнына жаңа валютаны салады. Ал ұлттық қорлардан шыққан долларды қандай да бір компаниялардың немесе банктердің акцияларына ие болу үшін салуға болады. Ал ол компаниялар мен банктер өздеріне осылайша түскен қаржы арқылы доллармен алған сыртқы қарыздарынан да құтыла алады. Осылай жасаған жағдайда ұтымды тұсымыз басым болады. Бір ұтымды тұсы -үш мемлекеттің арасында өтем құралы ретінде жүретін ортақ валюта барлық мемлекетте тұрақты бір бағамда болады. Баға тұрақты болғаннан кейін тауарлардың күрт қымбататуы, яғни инфляция деген болмайды. Сондықтан да экспорт-импорт айналымы шапшаңдай түседі. Ұлттық қорлардағы қазынаның сенімділігі артады. Сондықтан мұны қолдауымыз керек. Бұл біз үшін тиімді.
Сөйтіп, мамандарымыз осылайша ортақ валютаның тиімділігін жіктеп, сараптап отыр. Ал жалпы ортақ валютаға кіріксек, ұлттық валютамыздың рөлі қандай болмақ?
Қазір Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ортақ валюта жүйесі турасында «ортақ валюта енер болса үш мемлекеттің де ұлттық валюталары жойылып, оның орнын су жаңа валюта басады екен» деген ой айтылып қалып жүр. Кейбіреулер Ресей рубліне телінеміз дегенді айтады. Ал сарапшы мамандар "мұндай қисынсыз дүниелерді халық арасына таратып, дабыра салудың қажеті жоқ» дейді.
Тоғжан Шаяхметова, экономист-сарапшы:
- Егер ортақ валюта жүйесіне енер болсақ, онда ұлттық валюталар сақталады. Олар ішкі сауда-саттықтағы өтем құралы ретінде пайдалануда қалады. Қарапайым халық ішкі нарықта сол бұрынғысынша теңгемен сауда-саттығын жасай береді. Бұл арада «теңге жойылады екен, ортақ валютаға енсек ұлттық валюта болмайды екен» деп дабыра тудырудың еш қажеті жоқ. Меніңше, жаңа ортақ валюта ұлттық валюталардан жоғары тұратын, халықаралық сауда-саттықтың өтем құралы және ұлттық қазыналарда сақтауға болатын сенімді құнды қағаз ретінде өмірге келеді дегенге көбірек сену керек. Сонда әр ел экономикасының тамыры саналатын өздерінің ұлттық валюталарын сақтап қала алады.Жалпы, ортақ валюта турасында сөз еткенде 2020 жылы долларды «Amerо» атты жаңа валюта алмастыру тиіс деп әлдеқашан жоспарланған болатын. Мұның басты себептерінің бірі АҚШ-тың сыртқы қарызының 18 өсуі, айналымда артық дооллардың тым көбейіп кетуі және басқа дүниелер. Егер «Amerо» атты ортақ жаңа валюта айналымға енсе біраз елдердің жалпы ішкі өнімі 33 пайызға дейін көтеріледі деп болжануда. Негізінен келер жылы Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ валюта жүйесіне ену қазір қызу талқыға түсіп жатыр. Біреулер одақ аясында ортақ валюта рубль болады десе, енді бірі ол алтын деп аталады, - деп жүр. Бұл жайында осыдан он жыл бұрын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «ортақ валютаны алтын» деп атасақ деген ойын айтқан болатын. Кеше де біраз ақпарат құралдары «одақ аясында алтын ортақ валюта болуы мүмкін» деген ақпарат таратты. Қалай десек те, жаңа валютаға ену заман талабы. Сондықтан ортақ валютаға енген тұста ұлттық валютамыз теңге жоғалады. Барлығымыз бірдей ортақ валюта ұстаймыз деу орынсыз. Мұның барлығы әр елдің ұлттық валютасын тұрақтандырып, қазынадағы жиған қорына деген сенімділікті күшейту үшін туындап отырған жайттар.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста