Наноматериалдармен өндіріске өң бере аламыз ба?

Наноматериалдармен өндіріске өң бере аламыз ба?

Халықаралық сарапшылардың болжамынша, «2020 жылға қарай жаппай ке орындарын іздестіру, барлау және игеру жұмыстарында наноматериалдарды пайдалану ісі артатындықтан бұл салаларға салынатын инвестиция көлемі 40 пайызға кеми түспек». Мамандар бұған қатысты «алдағы 10-15 жыл аралығында адамзаттың іс-қимылына, қоршаған ортаға түбегейлі өзгерістер әкелетін ғылым жаңалықтары күнделікті тұрмысқа енетіндіктен, жағдайдың осылай қалыптасуы – заңдылық» деп отыр.

Абзалында, бір ғана наноматериалды пайдалану арқылы өндірісте біршама істі тындыруға болатыны басында қайсыбір қауымға ертегі тәрізді болып көрінгені жасырын емес. Артынша, нанотехнологияға қатысты негізді ғы­лыми жаңалықтардың өмірге енуі мем­ле­кетаралық саяси қарым-қатынасқа, әлемдік сауда айналымына, өндірістің да­муына үлкен әсерін тигізетінін біз мойындап үлгердік. Қазірде мемлекетімізде тиісті орындар тарапынан нақ осы нанотехнологиялық жаңалықтарды қолдап-қолпаштау жағы кенде емес. Мамандардың дені «нанотехнологияны қоғам жатырқамай сіңіре білу үшін алдымен оның насихатын арттыратын сауатты менеджерлер дайындау қажет» дейді.

Лев Кожитов, Ресейлік ғалым, профессор:
- Болашақтағы өзге­ріс­тер­ді, оның бұлжымас заңдылықтарын өз­ге­лерден бұрын сезінетін ғылым әле­міндегі көшбастаушылар – Америка, Батыс Еуропа ғана емес, бүгінде да­мы­ған немесе даму жолындағы Азия, Африка мемлекеттерінің көпшілігі ғы­лым­ға бетбұрыс жасап, ішкі мүм­кін­ші­ліктеріне және қажеттіліктеріне сәйкес келетін бағдарламалар бойынша зерт­теу жұмыстарын жүргізе бастады. Мә­се­лен, наноматериалдарды өндірісте пайдалану келешекте мықтап орын алатындықтан бұл саланың насихатын арттыратын инновациялық менеджерлер легін сауатты даярлау керек. Ол менеджерлер «қай өндіріске қандай нанотехнология қажет, қайсысын пайдаланған тиімді, оның қайсысы өтімді» деген сауалдарға сауатты жауап бере алатын болуы керек. Өндіріс пен ғылымның арасын осылайша зерттеулер арқылы жалғап отыратын менеджерлер легін даярлау көп нәрсеге жол ашпақ.
Сөйтіп, «менеджерлер легін жасақтап алуды жөн санайтын мамандар наноматериалдарды өндіріске енгізуде бірінші қадам осы» деседі.
Негізінде, бір ғана наноматериалдың бірнеше қыры барын тереңнен қозғайтын мамандар болашақта машина жасау, электроника, байланыс жүйелерінде наноматериалдарды пайдалану айрықша табыстар әкелетінін алға тартуда. Мысалы, осыдан екі жыл бұрын Нобель сый­лы­ғын графен атты бұрын жаратылыста кез­деспеген затты зертханада алу тәсі­лін ойлап тапқан ағылшындық физик ғалымдар иеленгені белгілі. Бұл жайында отандық ғалымдарымыз «графен – мөлдір, екі өлшемді, жазық, қалыңдығы бір атом­мен өлшенетін наноматериал. Айрықша қасиеті: аса жеңіл. Оның беріктігі бо­лат құймаларынан 200 есе жоғары. Ал электр тогын өткізу мүмкіншіліктері шексіз дерлік, жасанды графиттің бір түрі. Болашақта бұл наноматериалды өндірісте пайдалану барысында табиғатта кез­дес­пе­ген жаңа қасиеттері ашылуы мүмкін» деседі.
Тоқтамыс МЕНДЕБАЕВ, техника ғылымының докторы, профессор:
- Күтіліп отырғандай, осы графен 2020 жылға қарай жаппай өндірісте қол­да­ныла бастайды. Бүгінгі таңдағымен са­лыс­тыруға келмейтін қасиеттері арқылы графен ең бірінші кезекте жоғары тех­но­логия салалары – ғарыш, әуе ке­ме­лері, машина жасау, электроника, бай­ла­ныс жүйелерінен темір атаулыны тү­гелдей ығыстырып шығарады. Осы­дан барып болат құймаларын, а­лю­миний, мыс, түсті металдар шы­ға­ра­тын комбинаттар, оларды шикізатпен қам­тамасыз етіп отырған кен орындары жұмыстарын доғарады. Бір ғана графеннің пайда болуы – жерасты қазба байлықтарын жар­тылай немесе түгелдей арзан шикізат ретінде сатуға негізделген елдер үшін, соның ішінде біздің мемлекетіміз үшін  үлкен қоңырау. Осыған қатысты алдағы уа­қыт­та тау-кен, металл өндіру сала­ла­рында жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын ерекше електен өткізу қажеттігі туындап отыр. Бұл ретте біз келешекте эконо­микасы тұрақты, бә­се­келестік қабілеті жоғары, өндірісі қуатты мемлекетке айнал­дыратын ғы­лы­ми жобаларды жетіл­діруге айрықша мән беруіміз қажет.
Ғылымның қарыштап дамуы, соның ішінде нанотехнологияның өр­кен­деуі өндіріске өң беретінін қазірде біршама елдер дәлелдеп үлгерді. Тау-кен саласы мейлі басқа да өндіріс саласы болсын, тіптен медицина саласында наноматериалдардың алатын орны айрықша. Әсіресе медицина саласында наноматериалдарды қолдану саланың әлеуетін жоғарылата бермек. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста