Мақта шаруашылығы: бүгін және болашақ

Мақта шаруашылығы: бүгін және болашақ

Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында мақта шаруашылығының бүгіні және болашағы мәселесінде бейресми жиналыс болып өтті. Жиынға аудан әкімі Ғалым Исмаилов, ОҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков және Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басшылары, мақта зауыттары мен пункттерінің өкілдері қатысты, - деп хабарлайды Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.


Мақтарал ауданы аумағында мақта тұқымы шаруашылығын дамыту, мақта өнімін ұлғайту мәселелері қарастырылған жиында Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басшысы Ибадулла Үмбетаев мақта тұқымы шаруашылығын ұйымдастырудағы негізгі кемшіліктерді атап көрсетті. Оның айтуынша, тұқым егілетін егістіктердің бытыраңқылығы, тұқымдық алқаптарда агротехникалық талаптардың сақталмауы, мақта қабылдау кезінде зауыттарда элиталық және репродукциялық дайындалған мақтаның белгісіз тауарлық мақталармен араласуы – мақта сортының келешегін жояды екен. Сонымен қатар, көп сорттылық (тұқымның зауытта араласып кетуі), мақта зауыттарының себілетін тұқымды дайындауға және дайындауға арналған арнайы жабдықтармен жабдықталмауы да тұқым шаруашылығын дамытуда кедергі жасап жатқанын ғалым атап өтті.
ОҚО Ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков «Мақта шаруашылығын кооперациялау механизмі» жобасын ұсынды. Жоба бойынша мақта зауыттары мен шаруаларды біріктіріп «Акционерлік қоғам (АҚ)» құру керектігі айтылды және осы арқылы зауытта акциясы бар шаруалардың зауытты басқару мүмкіндіктері ашылады. «Ұсынылып отырған мақта шаруашылығын кооперациялау механизмінің арттықшылығы шаруалар зауытпен бірігіп түпкілікті нәтижеге қол жеткізуге ынталы болады және қайта өңдеу кәсіпорындары қажетті шикізатпен тұрақты түрде қамтамасыз етіледі. Әрі қарай ОҚО тоқыма өндірісі кәсіпорындарымен өзара тиімді кооперациялау мүмкіндігі бар» - дейді Серік Тұрбеков. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста