Кеңседе жұмыс уақытысынан тыс қосымша жұмыс істеуге не себеп болады?
Әлеуметтік зерттеулер нәтижелері бойынша кеңсе жағдайында жұмыс уақытынан тыс қосымша жұмыс істеу себептері: экономикалық (мансаптық өсу мен тұрақтылықты қамтамасыз ету); корпоративтік мәдениеттің нормаларын ұстану; психологиялық (үйдегі проблемалардан қашу) болып табылады. Заңға сәйкес жұмыстың жалғасуына қарай бір аптада 40 жұмыс сағаты болады. Қазіргі заманда өндіріс салалары тарылып, қызмет көрсету салаларының саны көбейіп келеді. Жұмысшылар 8 сағаттан аса жұмыста қалғылары келмейді. Роберт Оуэн жазғандай адам деген «8 сағат жұмыс жасайды, 8 сағат ұйықтайды, 8 сағат демалуы керек (демалу, яғни қалпына келу)». Оуэнның пікірін ұстана отырып Маркс пен Энгельс те «Халықаралық жұмыс берушілер қауымдастық» конгресінде 8 сағаттық жұмыс істеуге шақырды. XXI ғасырда аптасына 40 сағат жұмыс экономиканың дамуына жеткіліксіз деген ойлар айтылып жүр.
Ресейде өткізілген бір зерттеуде жұмыстан тыс қосымша сағат жұмыс істеудің мақсаты не? - деген сұрақ қойылған. Қызметкерлердің пікірі бойынша жұмыстан тыс қосымша сағат жұмыс істеу санаттары еңбек кодексінде қарастырылмаған дейді. Кейбір қызметкерлер жұмыс уақытысынан тыс қосымша сағат жұмыс істеу, ол басшының көзіне жақсы жұмыскер ретінде өзін-өзі көрсету немесе үй проблемаларынан қашып жұмыс орнында қосымша сағат жұмыс істеп қалады екен. Кейбір қызметкерлердің пікірінше, егерде жұмыс уақытысынан тыс қосымша сағат жұмыс істеу ақылы болса онда ол жұмыс сағаттары болып саналады дейді.
Ләззат Сейтқазықызы Спанқұлова.
А. Кузембаева.
Нархоз университеті