Ескі көлікке есік жабылады

Ескі көлікке есік жабылады

Еліміз Тәуелсіздік алған жылдардан бастап ерекше екпінмен қарқын алған саланың бірі – көлік саудасы болды. Пысықайлар ебін тауып, Германия, Жапония секілді дамыған елдердегі әбден тозығы жетіп, ескірген, тіптен жарамсыз деп танылған «қиранды» көліктерді әкеліп тоғытып жатты. Содан бері жиырма жылдай уақыт өтсе де осы үрдіс тыйылған жоқ. Алайда сол көлік саудасының көрігін қыздырамыз деп жүріп, Қазақстанды тозығы жеткен көліктерді тастайтын «қоқыс ордасына» айналдырып алғанымызды да байқамай қалыппыз...

Шілденің 15-інен бастап елімізде еуро-2 стандарты енгізілейін деп отыр. Бұл ту­ралы кеше Көлік және ком­му­никация министрлігінде өткен бас­па­сөз конфе­рен­циясында айтылды. Мамандардың айтуынша, еуро-2 стан­дартының тех­никалық регламенті 2007 жы­лы тап­сы­рылған екен. Көлік және ком­муника­ция ми­нистрлігі Көлік-ком­муни­ка­ция­лық ке­ше­­нін дамыту департаментінің директо­­ры Болат Жансүгіров бұл шараның ал­ды­мен экологиялық жағынан тиімді еке­­нін айтып өтті. Бүгінде еліміздің ірі қа­ла­ла­рындағы қоршаған ортаға шыға­ры­латын зиянды қалдықтардың 60 пайызы тек қа­на кө­ліктерден келеді екен. Кө­лік­тер­дің ауаны ластау жағдайы, әсі­ресе, Ал­ма­­­ты қа­ла­сын­да ушығып тұр. Ондағы кө­­­лік­тер­ден атмосфераға жылына 507 тон­на зиянды зат көтеріледі екен. «Ескір­ген көліктердің двигательдерінде 170 түр­лі зиянды қоспа бар. Мысалы, бір ғана кө­­­­лік жыл ішінде ауаға 800 келі көмір­қыш­­қыл оксидін, 40 келі азот оксидін бө­­ле­ді. Олардан өзге 20 келіден асатын кө­­­мір­­қышқыл қалдықтары тағы бар», – деді де­пар­та­мент директоры. Оның мәлімет­те­ріне қарағанда, аталмыш заттар­дың ден­саулыққа тигізетін әсерінен онко­ло­гия­лық және тыныс алу жолдарына бай­ла­нысты ауруларға шалдыққандар са­ны артып отыр.
 «Осындай кемшіліктердің алдын алу үшін еуро-2 стандартын енгізіп отырмыз. Батыс елдері бұл стандартқа осыдан көп жыл бұрын көшіп алған. Олар тіпті еуро-5 стандартын енгізіп жатыр», – деп атап өтті Болат Амангелдіұлы. Оның мәлімдеуінше, еуро-2 стандарты 15 шілдеге дейін ен­гі­зілген көліктерге қатысы жоқ. «Бұл кө­лік­тер тозығы жеткенше жұмыс істейді. Экологиялық ахуал көбінесе ескі көлік­тер­ден бөлінетін зиянды заттардан бұзы­латыны белгілі. Сондықтан кез келген көлік осы мәселеге қатысты қатаң бақылауға алынып, тексеруден өтетін болады», – деді департамент директоры. Халықтың әл-ауқаты артып, әлеуметтік жағдайы түзел­ген сайын, автокөліктер саны жылдан-жыл­ға көбейіп, қазір олардың саны үш мил­лионға жетіпті. Солардың 80 пайызы – ескірген көліктер. «Әрине, көлік жүріп-тұру­ға, жүк тасымалдауға ыңғайлы-ақ. Деген­мен біз оның қауіп-қатер тудырушы құ­рал екенін де ұмытпауымыз қажет», – де­ді департамент директоры.
Енді ел аумағына келетін көліктерден бөлінетін улы газдар көлемі жіті бақы­лау­ға алынады. Яғни ескі көліктерді са­ту­ға мүлдем тыйым салынады деген сөз. «1996 жылдан бері шыққан көлік­тер ғана жіберіледі. Оның өзінде қа­таң сараптаудан өтуі тиіс. Елімізде еуро халықаралық техникалық және эколо­гия­лық стандарттарын енгізуді кезең-ке­зең­мен жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Еуро-2 экологиялық кезеңі 2009 жылғы 15 маусымнан басталады. Ал еуро-3 стан­дарты – 2011 жылдың 1 қаңтарынан, еуро-4 стандартына 2014 жылы толық өтеміз. Жанар-жағармайға қарасты айта­тын болсақ, еуро-2 стандарты – 2010 жыл­ғы 1 қаңтардан, еуро-3 – 2014 жылғы 1 қаңтардан, ал еуро-4 – 2016 жылғы 1 қаң­тар­дан кешіктірмей енгізілуі тиіс», – деді ол.
Еуро стандартының енгізілуімен Қазақ­стан аумағына аталған стандарттарға сәй­кес келмейтін көлікті әкелуге және өн­ді­руге тыйым салынып, олар үшін өн­ді­рілетін жанар-жағармай сапасын жақ­сар­ту қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар бұл пайдаланудағы автокөлік паркін жа­ңар­туға, экологиялық мәселелерді (оның ішін­де ірі қалаларда) шешуге және жол қауіп­сіздігі деңгейін көтеруге мүмкіндік бе­реді.
Индустрия және сауда министрлігінің Тех­никалық реттеу және метрология ко­ми­тетінің сарапшысы Қайнар Тайжанов­тың айтуынша, бүгінгі күні аталмыш талап­тар­ды енгізу үшін 67-ден астам сынақ зерт­­ха­налары мен көлік тұрақтайтын орын­­­дар бар. Онда еуро стандартына бай­­­ла­­нысты сынақтан өткізілуі тиіс барлық ша­­­­ралар жүзеге асырылады. «Сонымен қа­тар тағы 85 сынақ зертханасы мен 49 ав­­­то­тұрақ жағармайдың сапасын тек­се­­ру­мен айналысады. Олар қазір өз мін­дет­теріне кірісуге толық дайын. Енді са­ту­ға түсетін әрбір көлік бекітілген рег­ла­мент бойынша арнайы тексеруден өте­ді», – деп атап өтті сарапшы. Жақында еуро-2 стандартын Ресей, Украина және Өзбек­стан мемлекеттері енгізіпті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста