Доллар қымбаттай ма, жоқ па?

Доллар қымбаттай ма, жоқ па?

Бірнеше жылдан бері тұғырынан таймай тұрғанАҚШ доллары өткен жылдың мамыражай жазында бағаны бір аунатты. Сөйтіп, біздің ұлттық валютаға шаққандағы құны біршама көтеріліп, 149,42-ден 153 теңгеге бір секірді. Алайда сол жолы Ұлттық Банк басшылығы байсалдылық танытып, байбалам салғандарға басу айтумен ғана шектелді. Бәлкім, бағаның осылай құбылып тұратыны – заңды құбылыс деп санаса керек. Есесіне «ел құлағы – елу» демекші, «валюта девальвациясы болуы мүмкін» деген сыбыс жұртшылық арасында тез тарап, көпшілікті әбігерге салған болатын. Салдарынан 2013 жылдың тамыз айында банк салымшылары арасында шетелдік валюта түрінде ақша салғандардың қаражаттары 32 миллиард теңгеге дейін көтеріліп, ал теңге түріндегі салымдар 27 миллиардқа дейін төмендеп кеткені есімізде. Алайда әзірге тыныштық. Жағдай бір қалыпты.
Ал сарапшылардың көпшілігі  «доллар бағамы жыл соңына дейін 160 теңгеге дейін көтеріліп барып, тоқтайды» деген пікірде. Жалпы,әлемдік нарықты бағындырып тұрған валюталардың тағдыры не болмақ? «Үстіміздегі жылы евро әлсірей түсіп, соның салдарынан доллар нығая түсуі ғажап емес» дейді сарапшылар. Себебі - АҚШ экономикасы жылдан-жылға күшейіп келеді. Естеріңізде болар, 2009-2010 жылдары доллардың басынан бағы таятындай, шатқаяқтап калған еді, АҚШ үкiметi шұғыл әрекетке кірісіп, банкноттар басып шығарып қана қоймай, долларға девальвация жасауға мәжбүр болған. Аймақтық валюталар үстем түсетіндей сыңай танытқан еді сонда. Десек те, «долларға ақырзаман тақады» деп жаңалық ашқан сарапшылар болжамы  ақталмай қалды. Доллардың толықтай күйреуiне әлi ерте ме дейміз.
Әлемдік валюта қорының 64 пайызы доллар есебінде сақталған. Ал евро 26,5 пайыз ғана. Демек,таразы басында салмағы артып тұрған доллардыңбарлық сынға төтеп беруге әзірге қауқары жетіп тұр.Көк қағаздың көптен артықшылығы әлеуетті инвесторлардың сенімін күшейтіп отыр. Сонымен қатар,қаржы саласын зерттеп жүрген мамандар мен BNP Paribas, Barclays Plc мен Morgan Stanley сияқты аты әлемге әйгілі банктер үшін де тиімді екендігін олардың сүйіншілей таратқан мәлімдемелерінен аңғару қиын емес. Олардың да пікірінше доллар еуро мен басқа да аймақтық валюталардың қасында күш алып, бағымын нығайта түседі. Bloomberg агенттігі 46 банк сарапшылары арасында сауалнама жүргізген екен, нәтижесінде 46 респонденттердің 42-сінің долбары бойынша,«2014 жылы көк қағаз құны евроға шаққанда 8 пайызға өседі, яғни бір евро 1,28 долларды құрайды».
Алайда кезінде 2013 жылдағы жағдайға көз жүгірткен («2013 жылы қазан айынан бастап доллар құнсызданып, бір евро 1,40 долларға дейін көтеріледі» деген болатын. Сарапшы болжамы шындыққа тақады. Сөйтіп, евро 1,35-ті құраған еді, авт.) Goldman Sachs Group Inc-тің бас маманы Томас Столпер басқалай ойлайды. Оның дегеніне сенсек, доллар керісінше құнсыздана бастайды.
Ал өзіміздің отандық сарапшылар елде 2009 жылғыдай күрт өзгеріс болмайды деседі. Доллар ары кеткенде 159-161 теңгеге дейін көтеріледі-міс.
ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Қ.Н. Келімбетов:
Ұлттық Банк ұлттық валютаның айырбастау бағамына қатысты бұрынғы саясатын жүргізуін жалғастырады. Валюта нарығындағы интервенциялар нарықтық алғышарттарға негізделген жалпы үрдістің қалыптасуына әсер етпестен, теңгенің айырбастау бағамының күрт ауытқуларын реттеу мақсатында жүргізілетін болады.
Қазақстандағы оңтайлы сыртқы экономикалық конъюнктура және тұрақты макроэкономикалық жағдайларда теңгенің құнсыздануына себептер жоқ.  Бұл ретте қазіргі уақытта байқалып отырған теңгенің айырбастау бағамы ағымдағы экономикалық жағдайларға барабар шектегі үрдіс шеңберінде аздап түзетілуде. Қазіргі уақытта валюта нарығындағы ахуал тұрақты болып қалуда және Ұлттық Банктің тарапынан мониторинг жүргізуге мейлінше көңіл бөлініп отыр.
Олжас Құдайбергенов, макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры:
– Негізітеңге девальвациясына еркіндік берген дұрыс-ақ еді. Бұлай деп отырған себебім, АҚШ долларымен салыстырғанда  ұлттық валютамыз екі есе асыра бағамдалған. Әрине девальвацияны бірден жасауға болмайды, оған нақыт бір себептер керек. Мәселен, валюталық несиелердің үлесін жоюды ұсынар едім. Өйткені қарыз алушылар құнсызданудан еш зардап шекпеуі тиіс. Екіншіден, өнеркәсіп орындарын ұзақ мерзімді несиемен қамсыздандандырсақ, тіптен жақсы. Сонда олар сұранысқа ие тауарларды көп көлемде өндіріп, девальвациядан кейін импорт қымбаттаған жағдайда, керісінше, нарықта отандық тауарлардың салмағы артар ма еді.
Менің ойымша, екі жыл көлемінде ұлттық валютамызды жылына 3-5 пайыздан әлсіретіп отырсақ, ұтылмаймыз, ұтамыз. Алдағы уақытқа қатысты айтсам, менің ойымша,жыл соңына дейін доллар 165 теңгеге дейін қымбаттайды.
Иә, «жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды» демекші, қазір девальвация болуы мүмкін деген әңгіме көп айтылауда. Тіпті сенімді ақпарат көздеріне сенсек, екінші деңгейлі банктердің жалпы несиелеу саясатына сақтықпен қарап, қарыз беруді шектей бастауларының сыры -  девальвациядан қауіптенулерінде.
Білесіздер, ел экономикасы – «қара алтынға» тәуелді.  Әзірге алаңдауға негіз жоқ. Алайда мұнайымыз сарқылса, ұлттық валютамыздың тағдыры не болмақ? Қалай десек те, доллар бағасының күрт өзгеруі дәл бүгін-ертең байқалмаса да, әйтеуір бір орын алуы ғажап емес. Сондықтан да, сарапшылар «ақшалай қорын депозитке сақтағандардың  долларды таңдағандары жөн. Теңгелей сақтағандар сан соғып қалса, керісінше долларлап салғандардың дорбалары толады» деген ақыл-кеңес айтады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста