Грузияда автокөлік жүргізушілері рульге куәлік пен техникалық төлқұжатсыз отыра алатын болды. Саакашвили елі шопырларға мұндай жеңілдік жасап отырған әлемдегі тұңғыш мемлекет атанды.
«Газета.ru»-дың хабарлауынша, мұндай мәлімдемені елдің Ішкі істер министрлігі Вано Мерабишвили таратты. Енді грузиндер үшін көлікті жүргізгенде өзімен бірге куәлік пен техникалық төлқұжатты алып жүру міндетті емес. Жол полицейлері көшеде көлікті тоқтатқанда, жүргізушінің аты-жөнін нақтыласа жетіп жатыр. Мәліметтер базасымен жабдықталған компьютерлік қондырғы көліктегі адамның құжаты бар ма, жоқ па, оны өзі анықтап беретін болады. Бұл жаңалық – Грузиядағы құқық қорғау саласына жасалған реформаның бір бөлігі. Айта кетейік, бұрын ел азаматтары көлік жүргізгенде құжаты болмай қалған жағдайда, 15 лари (9 доллар) көлемінде айыппұл төлейтін.
Көлікті құжатсыз жүргізуге рұқсат берілді
Последние статьи автора