Ұшақтағы оқиға

Ұшақтағы оқиға

Алматыда бір жылға жуық жұмыс істегеннен кейін туған қаламды, туысқандарымды  қатты сағынып, үш күн қатарынан тойланатын мерекелердің бірінде Ақтөбеге барып қайтуды ойладым. Сөйтіп, мамырдың 1-і күніне ұшаққа билет сатып алдым. Ұшақпен жолға шығарда мені бір «қара басатыны» бар. Бірде Алматыға ұшар алдында, неге екені белгісіз, полицейлер келіп, қалталарымда есірткі бар-жоғын тексерген. Бұл жолы бәрі ойдағыдай болсын деп тілеп, ұйқыға жаттым.

Таңғы 05.00-де сағатым шырылдады. Бірақ қатып ұйықтағаным соншалық, сағаттың шекесін басып тастап, түсімді жалғастыра беріппін. Бір кезде көзім бақырайып, шошып ояндым да жын ұрғандай сөмкемді, киімдерімді алып, көшеге атылдым. Көзілдірігімді басып кетіп, сындырып тастағанымды кейін білдім. Таксиге отырып алып, көйлегімді киіп, шалбарымның түймесін тағып, қалтамнан шұлығымды шығарып жатсам, шопырдың ішек-сілесі қатты.

Тағатсыздана әуежайға жетіп, тіркеу кезегіне тұрдым. Әуежай қызметкерлерінің бірі «Ақтөбеге алып кетші»   деп, көліктің бір қаптал терезесін ұстатты. Сөйтіп, ұшаққа да міндім. Айналама қарасам, отырғандардың дені әнші-әртістер екен. Халықтар бірлігі күніне Ақтөбеге концерт қоюға бара жатқандар болуы керек. Әнші-әртістер деген мұндай шыдамсыз халық болар ма, «Дос-Мұқасанның» бір мүшесі алдымен «неге жай ұшып келеміз» деп, борт қызметкерлеріне шүйліксе, тағы бір әнші кешігіп келе жатқанын айтып, жылдамдықты арттыруды талап етті.

Бір кезде менің мұрнымнан қан кетті, таңертеңгі ұшақтан қалып қоя жаздаған әлегімнің әсері-ау деймін. Бұл жағдай шыдамсыз    әншілерді одан әрі жындандырып жібергендей болды. Өйткені «эконом-кластан» «бизнеске» көшірген мені ұшақ дәрігерлері қарап, Ақтөбе әуежайына жедел  жәрдем шақыртты.

Жүрегі қысылған, бұл доңыз тұмауының белгісі болуы да мүмкін» деген жорамал жасалды. Ұшақ Ақтөбеге жақындап қалғанда, экипаж мүшелері: «Жолаушылардың бірінің жүрегі қысылуына байланысты ұшақтан шығару бес минутқа кешіктіріледі, сабыр сақтаңыздар», – деп бірнеше мәрте хабарлады. Әбден мазасызданған жолаушылардың бәрі мені ала көзбен атып жатыр. Әуежайдағы жедел жәрдем қызметкерлері мені жылдам тексеруден өткізіп, доңыз тұмауы белгісі жоқ екенін, мұрнымның зорығудың әсерінен қанағанын анықтап, жібере салды. Осындай қызық болған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста