"Жалғыз жүрек, сан сауал": Бес күндік жалған өмірде артымызға өнегелі сөз бен, ғибратты із қалдырайық, ағайын!

"Жалғыз жүрек, сан сауал": Бес күндік жалған өмірде артымызға өнегелі сөз бен, ғибратты із қалдырайық, ағайын!

Мұхаммедтің үмбеті мұсылманмын

Ақ патша тақтан құлағанымен бодандықтың ноқтасын кигізіп, «бұратана ел» атандырып кеткеннен бе, кеңестік идеологияның илеуіне бірден шырмалдық. Бірақ, жұмыр басы ноқтаға сыймайтын асау мінез асылдарымыз ағысқа қарсы жүрді. Сол қоғамдағы қан түстес жалаудың оттай алауы күйдіргенімен басын идіре алмаған ақындарымыздың бірі Мұқағали еді.
Дін – ғылымның анасы,
Ғылым – діннің баласы,
– деді айды аспанға бір-ақ шығарып. Құдайын ұмыттырып, құбыладан жаңылдырған, алдындағы жайнамазы түгілі жеті атасын түгендеу жайына қалған заманда «Бүкіл дүние мұсылмандарына хат» деген өлеңін жазып:
Бірігіңдер әлемнің мұсылманы,
Құрбан болсын Құдайың үшін жаның,
деп ұрандады ақын жүрегі. Бұл дегеніңіз «Бүкіл әлемнің пролетарлары бірігіңдер», деген жалған ұранды жалаулатып тұрған «көсемнің» дәуірінде ерлікпен пара-пар іс еді. Ақын ағамыздың дәл осылай қаймықпай айтуына нендей күш әсер етті екен деген ой да келген бір кездері. Жауабын ақынның өзі айтқан күллі ғылымның анасы болған діннен таптым. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде: «Балаларыңа дұрыс ат қойыңдар, себебі ол есімде сендердің де үлестерің болады» деген екен. Балаға қойған атта не үлес бар екен деп те ойладым. Оған да жауапты ақын есімі тауып берді. Азан шақырып қойған аты – Мұқаметқали. Шариғи тілмен айтар болсақ – Мұхаммед Ғали. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) һәм сардар сахабасы әрі күйеу баласы Алидің есімі шығады. Әкесі Сүлеймен де Пайғамбардың атымен аталған. Ендеше, азанның үні арқылы құлағына сіңген осы бір аяулы есімнің иесі болған Мұқағали ақын неге Жаратушы иемізді жырына арқау етпеске. Мұсылман отбасындағы ата-ананың баласы алдында төрт парызы бар екен. Соның ең біріншісі – дұрыс ат қою болып табылады. Екіншісі ұл бала болса сүндеттеу, үшінші тәлімді тәрбие мен пайдалы білім беру, төртіншісі теңін тауып үйлендіру. Сүлеймен қария бірінші парызын дұрыс орындаған екен. Пайғамбардың өзіндей болу еш пенденің маңдайына жазылмағанымен артына ғибратты сөз қалдыру Алла тағаланың таңдаулы құлдарына бұйырған несібе іспетті. Сөз өнерін ғаламат меңгерген Мұқағали ақын өзіне ерекше сый берген Құдайын ұмытпады, керісінше жауһар жырымен ұлықтады.
Мұхаммедтің үмбеті мұсылманмын,
Пайғамбарым қолдайды қысылған күн.
Алсын тағалам, ант етем, ант етемін,
Алла есімін кеудемнен ұшырған күн,
– деп Хақ тағала алдында ант берді. Бұл Жаратушысын таныған ақынның сөзі еді. Тіпті бұл өлеңдері кеңестік кері саясатқа ұрынбай-ақ, өзі айтқандай «шаң басқан архивтерде» жатып, тәуелсіздікті сарыла күтпей-ақ, сол кездің өзінде шыққан жинақтарының әппақ парақтарынан өз орынын тапқан жырлар. Пәрмені күшті Алла тағала өзін таныған пендесінің сөзіне қызыл үкіметтің қылышын сілтетпей қорғап қалды. Әйтпесе, пәле іздеп, жала жапқыш қоғам жауһар жырлардың ішінен ілік тауып, ақынның басына бұлт үйірері де мүмкін еді. Бірақ олай болмады. Керісінше ақынның тынысы кеңіп, имандылық иірімдеріне үйіріп әкететін өлеңдердің бірінен кейін бірінің тұсауын кесіп жатты. Жігітінен қазақтың дос таба алмай Фаризаға мұң шаққан ақын жан тыныштығын түптің түбінде Жаратушысынан табатынын сезіп:
Я, Жаратушы Аллам!
Қолдай гөр, сүйей гөр мені, сүйей гөр!
Қолдары да, қорғаны да жоқ жан ем.
Жасаған ием!
Құлап барам, сүйей бер!
Пенделерге табына-табына болған ем,
– деп ақтарылады.
Жалпы «Отанды сүю – иманнан» деген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисіне сүйенетін болсақ, Мұқағали мұрасынан да бұл тақырыптың терең зерделенгенін аңғару қиын емес.
Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,
Не тындырдың «Басымды иемменен?».
Оңай сөз ғой, құрбым-ау, оңай сөз ғой,
«Отан үшін өлемін, күйем» деген.

Расында, Отанды сүю жалған ұран, құры айқаймен өлшенбейді екен. Ар, иманыңның тазалығы мен өр намысыңның өткірлігі жетіп жатыр. Мұны да айтады ақын жүрегі.
Егер Отан сыңсыған орман болса,
Жапырақ боп жабысқын терегіне.

Семсері бол Отанның қынабында,
Сертке ұстаса, селт етпей жалтылдаған.

Сүй Отанды.
Шыныңмен сүйіп өт те,
Гүл боп қадал ойына, қырына да!

Бәрімізді жаңылдырған Дарвиннің ілімін жоққа шығарған ақын топырақтан жаралғандығын да айқын айтып кетті. Осы өлең жолдарын оқып отырып таңғалдым. Жасыратыны жоқ, аға буынның көпшілігі «маймылдан жаралдық» деген қағидаға сеніп келді. Мұқағали ақын да сол сабақты оқыды, сол заманда өмір сүрді. Бірақ Дарвин шалдың ертегісіне сенбеді. Сөйтті де өз пайымын былайша жеткізді:
Бәрі рас, айтқанының ақ Алламның,
Құм менен топырақтан жаралғанмын.
Құдайдың құлымын мен – мұсылманмын,
Денемде түйірі жоқ арам қанның.

Жүрегі ертегіні емес, ақиқатты көксеген, жаны мен қаны таза ақын Құдайдың құлы екенін мойындап, құлшылығын да аңсаған екен-ау. Бірақ, солақай саясаттың салдарынан санасына сызат та түсіріп алғаны рас. Дегенмен, мейірімі шексіз, рахымды Алла қасиетті Құран Кәрімде: «Тәубеге келіңдер, күнәларың кешіріледі» деп уәде етеді. Ал «тәубаға келу» дегеніңіз жасаған қателіктерін түсініп, жіберген кемшіліктеріне өкіне отырып, түбінде алдына баратын Алланың құдіретіне бас ию. Кеңестік идеологияның кесірінен жіберген кемшіліктерін есіне алып, тәубесіне келген ақын:
Қаймағы бұзылмаған қайран дінім,
Қаймағың быт-шыт болды қайдан бүгін.
Құбылаға бет бұрып, қол қусырып,
Сәждеге бас қоятын қайда күнім,
– дейді. Шөлдеген жүрек ақиқатты аңсайды. Ақиқат Алланың алдында екенін сезеді. Ал пенде мен Алланың ең жақын жері жайнамазда, сәждеге бас қойғанда екенін түсінді ақын. Бірақ, содыр қоғамның сол бір саясаты арманының орындалуына еш мүмкіндік бермеді. Дәл осылай боларына көзі жеткен ақын Жаратушы иесін тым болмағанда сөзімен ұлықтап кетуді мақсат етті және көздегеніне жетті.
Әсілі, шариғатта түнді «кіші өлім» деп атайды. Себебі, кейбір адам ұйықтап жатып-ақ мәңгілік өмірге кетіп жатады. Сондықтан біздер әрбір таңымызды аман-есен көргенмізге шүкірлік қылып, Алла тағаланы мадақтап тұруымыз керек екен. Кіші өлім жайлы Мұқағали ақын былайша ой тербейді:
Түн маған ұйықтау үшін берілмеген,
Ұйқы тең шала-жансар өлімменен.
Қаншама уақытым өлді менің,
Ақ көрпе, ала жастық кебіндеген.

Мұндағы «шала жансар өлім» біз айтып отырған «кіші өлімнің өзі». Жүрегіндегі имани нұр қаламынан илләһи жыр тудырған ақын сонымен бірге, уақыттың қадіріне жете білуіміз керектігін де айтып кетіпті.
Түн маған ұйықтау үшін жаралмаған,
(Ұйықтасын сапарларын тамамдаған).
Алдымда сапар жолы тарам-тарам,
Ұйықтасам барлығынан қараң қалам, – дейді игі істерді жасап үлгеруге асыққан ақын жүрегі. Өмір деген қамшы сабындай қысқа ғана. Қас-қағым уақытта артымызға өнегелі сөз, ғибратты із қалдыру ақыл иесі болған адамзат баласына ортақ парыз. Ендеше бес күндік жалғанда ақыретімізде де азық болатындай іс пен із қалдыруға асығайық. Ой орамымды Мұқағали жырымен түйіндейін.
Асығу керек,
Асығу керек, қалайда!
Уақыт саған қарай ма?!
Асығу керек,
Асығып жеткен арманның
Әппақ сәулесі,
Түссін де тұрсын самайға.

Жұматай Оспанұлының 
«Жалғыз жүрек, сан сауал» 
кітабынан алынды


(Жалғасы бар. Басы: 16.03.2015, 17.03.2015, 18.03.2015, 19.03.2015, 20.03.2015, 22.03.2015, 26.03.2015, 27.03.2015, 28.03.2015, 30.03.2015, 31.03.2015, 01.04.2015, 03.04.2015, 04.04.2015, 05.04.2015, 06.04.2015, 07.04.2015, 08.04.2015, 09.04.2015, 10.04.2015, 11.04.2015).

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста