Хиджабпен жүрген бір күнім
Американдық Аннет Ламос-Рамос бір күнін хиджабпен өткізіп көруге бел буған екен, сол күні түрлі оқиғаларға тап болған. Мұндай батыл қадамға барған әйелдің ондағы мақсаты – мұсылман әйелдерінің басынан не өтетінін сезіну.
Негізі мұсылман әйелдерінің киімдері әр түрлі. Аннеттің дәл осы хиджабқа тоқталғандағы себебі – оның төңірегіндегі пікірталас әр кез өткір.
Аннетке бір ұнамағаны – хиджаб қатты ыстықтатады. «Тіпті ішінен қанша жұқа киім кисең де», - дейді ол.
Аннет хиджабты қолымен бірінші рет ұстап тұр.
«Метроға кірген едім, қасында бір баласы әйел мені көре, орнынан тұрып, басқа жерген ауысып кетті», - дейді Аннет.
«Саяхатшылар жабайы адам көргендей үркіп қалды. Енді біреулері менімен суретке түскілері келетіндігін айтып жатты. Ал енді біреулері «террорист болуы мүмкін» дегендей маған сақтықпен қарайды.
“Шыны керек өзімді ұзын көйлек киген ханшайымдай сезіндім”.
“Көшеде кетіп барып жатып бір дүкеннің әйнегінен өзіме көзім түсіп кетіп еді, бойымды бір түрі әсер билеп алды сол сәтте”.
“Көше кезіп жүріп, көп демалдым, өйткені қатты ыстықтадым. Егер ауа райы ыстық елде жүрсем мұндай киіммен жүре алмайтын сияқтымын”.
“Бұл күні мен көзбен күлімсіреуді үйрендім”.
“Хиджабтың ең жаман жері – тамақтану қиынның қиыны екен”.
“Кешке хиджабты шешкенде құдды бір бостандыққа шыққандай сезіндім. Қалай қатты қуандым! Тағы бір түсінгенім, адамдарға күмәнмен қарауға болмайды екен, алдыңда тұрған жанның кім екенін біз қайдан білеміз..?”