Хазреті Пайғамбардың түр-келбеті қандай болды?

Хазреті Пайғамбардың түр-келбеті қандай болды?

Хазреті Пайғамбар (ﷺ) былай деген:

«Алла жіберген бүкіл пайғамбарларына әдемі дауыс пен әдемі келбет берген. Сендердің пайғамбарларыңды да әдемі дауысты және әдемі келбетті етіп жіберген» [1].

Қадірменді сахабалардың риуаяттарына қарағанда ардақты Пайғамбарымыздың һилясы (Алла елшісінің жаратылысы мен ахлағын түсіндіретін шығармалар) мынадай еді:

Хазреті Пайғамбардың бойы, дене мүшелері мен бітімі бір-біріне өте жарасымды. Ұзынға жақын орта бойлы болатын. Бірақ халықтың арасында барлық адамдардан ұзын көрінетін. Маңдайы ашық, кең, қастары жаңа туған ай секілді және бір-біріне жақын, бірақ қатулы емес. Кірпіктері ұзын әрі қара. Көздері үлкенірек,қарашығы қап-қара, ағы аппақ болатын. Көздерінде ежелден құдірет қолымен жағылғандай сүрме бар еді.

Терлеген кезде тері нұрлы жүзінен маржан моншақтарындай төгілетін және хош иіс шығатын-ды. Қыр мұрынды, дөңгелек келбетті, жүзі сопақтау келген және мойыны ұзындау. Тістері тізілген маржандай.Сөйлегенде алдыңғы тістері жылтырап тұратын [2].

Кең иықты, жуан балтырлы, ұзын қолды және саусақтары қалың еді. Алып денелі, сүйегі ірі. Екі жауырынының арасында пайғамбарлық мөрі бар болатын. Бұл мөр көгершіннің жұмыртқасының үлкендігіндей, түсі қызыл, жұмыр болып келген.

Шашы бұйра да емес, түп-түзу де емес. Сақалын бір тұтамнан артық өсірмейтін.

Кіндігі кесіліп және сүннетті болып туылған еді.

Пайғамбарымыздың жүзіндегі ұлылық белгісі бүкіл асхаб кирам мен Оны көрген басқа адамдарға үлкен әсер қалдыратын.Ол адамзат атаулысының ең әдемісі ең нұрлысы еді. Оны сипаттағандар «көркіне көз тоймас» деп айтатын [3].

Жәбир (р.а): «Айдың толық кезі мен бұлтсыз түні бір рет Пайғамбарымыздың мүбәрак жүзіне, бір рет айға қарадым. Пайғамбарымыздың көркі айдан да тамаша еді» – дейді [4].

1. Ибн Сағд, Табақат, І,376.

2. Мүслимм,Фәзәил, 109/2344; Термези, Әбу Иса Мұхаммед, «әш-Шәмәилүл Мұхаммедия» Мұхаммед Акиф әз-Зәби, Жидда, 1983, 22-24.

3. А.б. Ханбәл,ІІІ,25,28.

4. Дәріми, Мұқаддима, І,30.

ihsan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста