Харамға қарамау

Харамға қарамау

وَ عَنْ جَرِيرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَأَلْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَ سَلَّمَ عَنْ نَظَرِ الْفَجْأَةِ فَقَالَ: «اِصْرِفْ بَصَرَكَ»
Жәрир (р.а.): «Бірде Алла елшісінен (саллАллаһу аләйһи уә сәлләм) көздің ойламаған жерден харамға түсіп кетуінің үкімі жайлы сұрадым. Сонда: (Ондай жағдайда), көзіңді бірден басқа жаққа тайдырып әкет», – деп айтты.

(Жәрир ибн Абдуллаһ (р.а.) жеткізген, Мүслим, Әдәб, 45. Әбу Дәуіт, Никах, 43. Тирмизи, Әдәб, 28)

 

Хадиске түсіндірме
Бұл хадисте адамның көзі кенеттен харамға түсіп кеткен жағдайда не істеу керек екенін айтып, мәселенің үкімін білдірген. Осы хадиспен мағыналас басқа бір хадисте пайғамбарымыз (саллАллаһу аләйһи уә сәлләм): «Уа, Әлі! Сен үшін алғашқысы күнә болмайды, одан кейін қарағаның күнә», – деп хазірет Әліге (р.а.) һәм сол арқылы барша үмбетіне харамға қараудың күнә екендігін аңғартқан. Иә, біріншісі адам еркінен тыс ойламаған жерден көріп қалу болса, екіншісі әдейілеп қарау. Мұнда харам нәрсені еріксіз көріп қалу мен оған көз сүзіп, сұқтана қарау арасында айырмашылықтың бары анық. Біріншісі адам еркінен тыс болса, екіншісінде нәпсінің қалауы бар. Міне сондықтан, Алла елшісі (саллАллаһу аләйһи уә сәлләм) бірінші жағдайда күнә жазылмайтынын, тек көзді бірден харамнан тайдырып әкету керектігін, алайда, олай істемей, харамға сұқтана қарағанда, міндетті түрде күнә жазылатынын аңғартқан. Мақсат – күнәнің алдын алу.

Осы мәселеге қатысты Құранда: «(Уа, Мұхаммед!): Мүміндерге харамға көз салмасын! – деп айт»[1], – делінсе, енді бір аятта: «Шындығында, адам баласы құлақ, көз және жүрек сынды дене мүшелерін қалай басқарып ұстағанына қатысты (Алланың алдында) сөзсіз жауапқа тартылады»[2], – делінген. Расында адамның көзінен бастап әрбір дене мүшесі – Алланың пендесіне белгілі хикметпен берген шексіз сыйы. Адам баласы сол дене мүшелерін Алланың хикметіне сай дұрыс әрі орынды қолдану арқылы жақсылыққа жетуі де, лайықсыз қолданып, сорлап қалуы да мүмкін. Қай жолға түсем десе де пенденің өз еркі. Дегенмен, бір Аллаға иман еткен, ақыл-ойы түзу адамның қай жолды таңдары белгілі.

«Судың да сұрауы бар», демекші, шынайы мүмін Раббысының бұл дүниеде өзіне берген әрбір нығметінің сұрауы барын жан-тәнімен түйсініп, бір сәтке де жадынан шығармауы тиіс. Өйткені, қасиетті Құранда Алла тағала: «Сол күні (яғни, қиямет күні өздеріңе берілген үлкенді-кішілі, азды-көпті) барлық нығметтерден міндетті түрде сұраласыңдар»[3], – деп ескерткен. Осыған орай, көздің қандай үлкен нығмет екені айтпаса да түсінікті. Оның қандай баға жетпес нығмет екенін көз нұрынан айырылған зағип жандардан сұрау керек. Міне сондықтан, шынайы мүмін осынау ұлы нығметтің қадірін біліп, оны жаратылыс мақсатына сай қолданатын жан.

Осы тақырыпқа қатысты бір хадисте: «Назар салу – Ібілістің улы оқтарының бірі. Кімде-кім Алладан қорыққаннан харамға қарауды доғаратын болса, сол үшін Алла оған сондай иман нәсіп етеді, сөйтіп, ол әлгі иманның ләззатын жан-жүргімен сезінетін болады»[4], – делінген. Иә, харамға назар салу бейне бір жүрекке қадалған улы оқпен тең. Жүрегіне ібілістің улы оғы қадалған пенде оның жойқын әсерінен оңайлықпен айыға алмасы анық. Егер жүрекке түскен жара дер кезінде тәубеменен емделмесе, оның бара-бара асқынып, ақыры ем қонбайтын рухани дертке айналары күмәнсіз. «Әрбір күнәда күпірлікке апаратын жол бар», – деген бір данышпан ғұлама ащы да болса осынау ақиқатты меңзесе керек. Ендеше, көрер көз адам үшін баға жетпес нығмет болумен қатар, қу нәпсіге азған пенденің рухани жан-дүниесін улайтын соры болуы да мүмкін. Иә, көзді харамнан тыю айтуға оңай болғанымен іс жүзінде, екінің бірінің қолынан келе бермейтін, қай адамнан болмасын ерекше жігерлілік талап ететін ауыр да, сауабы мол іс. Міне, сол үшін Алла тағала Өзінен қорыққаннан харамға көз салудан тыйылған пендесіне иманның ләззатын таттыратындығын уәде еткен.

Бұл хадистің әсіресе, жастар үшін маңызы зор. Өйткені, бүгінгі таңда қоғамымызда «қайда барсаң да қорқыттың көрі» дегендей, қайда қарасаң да көздің харамға түспеуі мүмкін емес. Көшеге шықсаң да, қоғамдық көлікке мінсең де, мәдениет ошақтарына барсаң да, тіпті, үйде отырсаң да көз еріксіз харамға түседі. Себебі, түзді былай қойғанда, үйде де заман талабы теледидар, газет-журнал, ғаламтор деген нәрселер бар. Міне, сондықтан да, бұл мәселеде мүміндерден, әсіресе жастарымыздан пайғамбарлар мен сахабалардың ерік-жігеріндей ерекше жігерлілік талап етіледі. Әрине қоғам жеке адамдардан құралады, ендеше, адам түзелмей қоғам да түзелмейді. Олай болса, әр мұсылман алдымен өзін түзеу арқылы күллі қоғамды түзеу жолында ерекше жігерлілік танытуы керек.

Расында, көз адам жанының сыртқа қарайтын терезесі іспетті. Көзге түскен жақсы-жаманның бәрі адам жанына әсер етпей қоймайды. Сондықтан, көзді харамнан сақтау көптеген күнәнің алдын алудың, сондай-ақ өзге дене мүшелерін де күнәдан сақтаудың бірден бір жолы десек қателеспейміз. Пайғамбарымыз (саллАллаһу аләйһи уә сәлләм): «Адам баласының пешенесіне қаншалықты зина жасайтындығы әуелден жазылып қойған, ол одан қашып құтыла алмайды. Көздің зина жасауы қарау арқылы, құлақтың зина жасауы тыңдау арқылы, тілдің зина жасауы сөйлеу арқылы, қолдың зина жасауы ұстау арқылы және аяқтың зина жасауы жүріп бару арқылы болмақ. Ал жүрекке келсек, ол соны қалап, соған аңсары ауып тұрады. Дегенмен, адамның ар-ожданы сол қалауды растап, жүзеге асырады не болмаса қабылдамайды»[5], – деп айтқан. Расында, бұл хадис қасиетті Құрандағы: «Зинаға жақындаушы болмаңдар»[6], – деген бұйрықтың мәнін аша түседі. Өйткені, зинаға жақындамау деген сөз тікелей мағынада зина жасауға ғана емес, тіпті, соған апаратын жолдардың бәріне де қатаң тыйым салуды білдіреді. Яғни, хадисте айтылған көзбен қарау арқылы, құлақпен тыңдау арқылы және т.б. мүшелердің әр түрлі жолдармен зина жасауы тура мағынадағы зинаның алғышарттары, зинаға бастайтын алғашқы қадамдар болып табылады. Міне, сол үшін шынайы мүмін бойындағы бар күш-жігерін салып, осынау жиренішті күнәдан абиырын ғана емес, бүкіл бойын тыйып, тіпті, ол жайлы ойлаудың өзін күнә деп білуі керек. Сонда ол түптің-түбінде кей адамдар қырық жыл бойы үздіксіз құлшылық етіп қана жететін асқақ дәрежеге (парыз етілген құлшылықтарды тәрк етпеу шартымен) аз ғана уақыттың ішінде қол жеткізіп, Алланың сүйікті құлдарының қатарына қосылуы бек мүмкін.

Көзді харамнан сақтау мүмін ерлермен қоса мүмін әйелдерге де міндетті. Құранда Алла тағала: «(Уа, Мұхаммед!) Мүміндерге айт: Харамға көз салмасын! Абыройларын ашпасын әрі зинадан сақтансын! Мүмін әйелдерге де айт: Харамға көз салмасын! Абиырларын ашпасын әрі зинадан сақтансын! Сондай-ақ, еріксіз көрінетін жерлерін айтпағанда әшекейлері мен сымбат-көріктерін (бөтен адамдарға) көрсетпесін һәм орамалдарын омырауларына дейін түсіріп тартсын!»[7] – деп бұйырған. Осыған орай, Умму Сәләма анамыздың (р.анһа) мына әңгімесіне құлақ түрейік: «Бұл жағдай Алланан балиғат жасына жеткен әйел баласының оранып, етек-жеңін жауып жүруі керек екенін білдіретін пәрмен келгеннен кейін орын алған болатын. Бірде Мәймуна (р.анһа) екеуіміз Алла елшісімен (саллАллаһу аләйһи уә сәлләм) бірге отырғанымызда, Ибн Умму Мәктум келді. Ол үйге кіріп келгенде, Алла елшісі (саллАллаһу аләйһи уә сәлләм) бізге: – Жаулықтарыңды жамылыңдар, – деді. Біз: – Уа, Алланың елшісі! Ол зағип емес пе? Бізді көрмейді ғой, – дедік. Сонда РасулАлла: – Ол зағип болғанмен, сендер зағип емессіңдер ғой? Сендер де оны көрмейсіңдер ме? – деді»[8]. Міне осылайша, Алла елшісі (саллАллаһу аләйһи уә сәлләм) көзді харамнан сақтаудың мүмін ерлер мен қоса мүмін әйелдерге де қатысты екенін білдірген.

Харамға көз салу адамның рухани жан-дүниесін шайқалтып қана қоймай, оның ілімге деген ынта-ықыласы мен есте сақтау қабілетіне де кері әсерін тигізері сөзсіз. Бірде жастайынан ілімге құштар болған имам Шафиғидің көзі аңдаусызда болмашы бір харамға түсіп кетеді. Содан ол есте сақтау қабілетінің аздап нашарлағанын сезеді де, мұны ұстазы Уақиғ ибн Жәррабқа айтып, мұңын шағады. Сонда ұстазы оған: «Ілім – иләһи нұр. Алла Тағала күнәһар адамға нұрын төкпейді», – деп, оны болмашы күнәлардың өзінен барынша сақтануға шақырған еді.

Қасиетті Құранда: «Алла көздердің ұрланып қарағанын да, көкіректердің нені бүгіп тұрғанын да біледі»[9], – деген аят бар. Демек, Алла Тағала пендесінің харамға ешкімге білдірмей көзінің қиығымен ұрлана қарағанын да көріп, біліп тұрады. Олай болса, әр мұсылман, әсіресе жастар қауымы Алланан қорқып, көзді харамнан сақтау арқылы ішкі жан-дүниенің де тазалығын сақтаса, нұр үстіне нұр болмақ. 

Асқар Болатбекұлы

islam.kz/kk/articles/islam-jane-qogam/haramga-qaramau-1280/#gsc.tab=0

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста