Санамызды жын-шайтаннан қалай арылтамыз?

Санамызды жын-шайтаннан қалай арылтамыз?

«Ілімнің қасиеті адамды тура жолға бастау болса, діннің қасиеті адамды арамнан сақтандырады». Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

Сеанс жасайтын адам сеансқа түсетін адамның бойында дәреті толық па соны тексереді.

Сонан кейін қабылдауындағы адамның бойында қара дұға, тіл көз, ата-бабасынан келе жатқан қарғыс бар ма соны өзінің ғазиз жанының көмегімен анықтайды және бойындағы жын-шайтан, перілердің бар-жоғын анықтайды.

Адамға қарғыс өзінің бесінші бабасынан және үшінші нағашы атасынан келеді.

Сеансқа түсу үшін адам өзіне ыңғайлы, жұмсақ жерге отырсын. Көзін жұмып, екі санының үстіне екі қолын қойып, алақанын ашып отыруы тиіс. Адам сеанс кезінде ақылға, ойға салуға, «бұл не?» деген сұрақ қоюына болмайды. Құдайдан тілек тілеп отыруы керек. Осы кезде құдай сенің тілегіңді қабыл етеді. Ескерту: Сеанста отырған адам Құдайға сенбей "Бұлай болуы мүмкін емес деп ақылға салса, ол адамның дәреті бұзылып кетеді. Жаратушы санасын жауып тастайды. Оған түк те көрінбейді. Сол кезде сеанста отырған адам қайта беті-қолын шайіп келіп: "Иә, Алла! Менің біліп және білмей ақылға салғанымды кешіре гөрші!" - деп Жаратушыдан кешірім сұрауы тиіс. Жаратушы мейірбан болғандықтан кешіреді. Осыдан кейін сеансты жалғастыра беруге болады.

«Иа, Алла мына пенденің бесінші бабасының алған қарғысын кешіре гөрші». «Иа, Алла мына пенденің үшінші нағашы атасы алған қарғысты кешіре гөрші», – деп сұрайсың. Осы сұрақтың жауабы сеанс жүргізіп отырған адамға белгілі болады.

Сосын адамның басында отырған жындарды, бойына ұялап алған үйірлі шайтандарды қуалайды. Ескерту: Бойына шайтан ұялап алған қыздар ыржыңдап, тоқтай алмай күле береді.

Осыдан кейін адамның санасын тазалауға көшеміз. Иа, Алла мына пенденің ... санасына ұялап алған имансыздығын, иттігін, шошқа қылықтарын, кітап оқымайтынын, рухани надандығын, арамдығын, сайқалдығын, екіжүзділігін, нәпсіқұмарлығын, қызғаншақтығын, қулығын, жалқаулығын, маубастығын, даңғойлығын есерсоқтығын, жынды сүрейлігін, менмендігін, ақымақтығын, сумилығын, тәкаппарлығын, алкеуделігін, өзімшілдігін, біреуді сыртынан сынайтындығын, өсек, өтірік айтатындығын, уәдеде тұрмайтындығын, дүниеқоңыздығын, жауыздығын, іштарлығын, біреуді көре алмайтындығын, жалғызбастылығын (балаларының есімін атау қажет), кедейшілігін, қайыршылығын, жоқшылығын, мейірімсіздігін, тасбауырлығын, үлкенді сыйламайтындығын, мәдениетсіздігін және санасына ұялап алған жын-шайтан перілерді, төменгі әлемнің жан иелерін, қаралықтарды мына пенденің санасынан толық қуалай көрші, мына пенденің санасын толық тазалай гөрші. Осы кезде сеанста отырған адамның санасынан қара бұлттар т.б. келеңсіздіктер көше бастайды.

Санасы толық тазаланғанда сеанста отырған адам санасы ағарып, жарқыраған күнді көреді. Төбеңе күн жарқырап шыққанда «Иә, Алла осы бергеніңе шексіз тәубе, шексіз шүкіршілік», – деп Жаратушыға тәубе айтасың.  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста