Қазақстанда бұдан былай кәмілет жасына толмағандардың некесін қиған имамдар жауапқа тартылатын болады

Қазақстанда бұдан былай кәмілет жасына толмағандардың некесін қиған имамдар жауапқа тартылатын болады

Қазақстанда кәмелет жасына толмаған жеткіншектердің некесін қиған имамдарға жауапкершілік күшейтілмек. Бүгінгі қоғам үшін өзекті мәселе болған ерте жастағы некенің алдын алу үшін Оқу-ағарту министрлігі бірқатар заңнамаға өзгеріс енгізуді көздеп отыр. Бұл туралы министрлік балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау үшін алдағы үш жылға бекіткен кешенді жоспарда көрсеткен, деп жазды KYN.KZ тілшісі Информбюро жаңалықтарына сілтеме жасап.

Ал мұндай рәсімдерді орындап жүрген имамдар мен молдалар бұған қатысты не дейді? Әріптесім Райгүл Еншібай біліп көрген еді. Елімізде қабылданған құжаттарға сәйкес неке қиюдың өз тәртіптері мен ережелері бар.

Мәселен, аталған рәсімді тек мешіт имамдары ғана атқаруы тиіс. Алайда, кейбір молдалар бұл тәртіптерді елеместен, тіпті кәмелет жасына толмаған жастардың да некесін қиып жатады. Бірақ, жеткіншектердің дәм-тұзы жараспай ажырасып кететіндері де жоқ емес. Бұдан былай Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқығын қорғау үшін, әсіресе кәмелетке толмағандардың некесін жасырын қиып жүрген діни қызметкерлерге жауапкершілікті қатаңдатпақ.

«Жоспарда «Діни қызметшілердің кәмелетке толмағандарға қатысты неке қию рәсімін өткізгені үшін жауапкершілігін қатаңдату» шарасын орындау мерзімі болып 2024 жылдың бірінші тоқсаны белгіленген»,– деп жазды АШЫҚ ҮКІМЕТ ПОРТАЛЫ

Жастық максимализмнің әсерінен отбасын құруға асыққан жастар көп. Олар ерте есейіп, отбасылық өмірдің дәмін татуға асыққаны сонша, неке шарттарын да ескерусіз қалдырады дейді имамдар. Сондықтан, дін өкілдері шариғатта мұндай неке дұрыс деп саналмайтынын айтады және жасырын неке қиғандарға жауапкершілік енгізген жөн деп отыр.

«Екі жақтың разылығы, куәгерлерінің куәлігі болмаса бұл неке харам болады. Жасырын неке қиюшыларға ескертеміз, діни рәсім арнайы бекітілген имам алдында қиылу керек. Жасырын неке бұл адасушылық. Имамдар жасырын некені мүфтидің бұйрығы жоқ адамдар ғана қияды»,– дейді «Нұр-ғасыр» мешітінің наиб-имамы Нұрбол Смағұлов.

Яғни ол солай неке рәсімін өткізуді өзінше кәсіпке айналдырған молдалар болуы әбден мүмкін деп отыр. Бұдан бөлек министрліктің кешенді жоспарында балаларға дәстүрлі емес медициналық рәсімдерді жүргізуге тыйым салу және бұл үшін жауапкершілік айқындау да қарастырылған.

Құжат әзірге ашық үкімет порталында наурыздың 17-не дейін қоғам талқысына ұсынылған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста